
Байқауға ауданның түрлі мемлекеттік мекемелерінен қызметкерлер қатысып, шынайы өмірден алынған мысалдар мен азаматтық ойларын эссе түрінде ұсынды. Жұмыстар мазмұндылығы, кәсіби көзқарасы, ұсыныстардың нақтылығы бойынша бағаланды. Эсселерді бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Оның құрамында Сауран аудандық әжелер алқасының төрайымы Б. Киякова, Сауран аудандық аналар кеңесінің төрайымы Н. Жуманова, сондай-ақ аналар кеңесінің мүшесі М. Жусупова болды.