• Сб. Сен 27th, 2025
Популярные метки

ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Сен 25, 2025
Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жуырда №150 және №146 бағыттарға 30 жаңа Yutong маркалы автобус жолға шықты. Бұл автобустар — Қазақстанда, Қарағанды қаласында құрастырылған отандық өнім. Жаңа тасымалдаушы – «Bozjorga Bus» ЖШС қызмет көрсетуде.
Қала әкімдігі тарапынан бәсекелестік орта қалыптастыру арқылы көлік сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданы Қойкелді батыр – Ақназархан көшелеріндегі теміржол өткелі 23 қыркүйекте қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары 5 ай ішінде аяқталып, өткелдің барлық негізгі құрылымдары жаңартылды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын едәуір жеңілдетуге бағытталған маңызды жоба.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *