Жастар өзіне тиесілі даралыкты сезініп, өзінің рухани және жеке тұлғалық қуатын сезініп, өзінің ең жақсы қасиеттерін болашақ ұрпаққа беруге тырысады. Барлық елдердің саясатында жастардың қолдауына ие бола білу аскпектісі аса мыңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің де идеологиясына негіз болады. Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-патриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарланған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Қазақтың біртуар ғалымы Шәкәрім қоғамда өршіп келе жатқан жағдайдың даму ережесін бейнелейді. Еріншек, салақтық, надандық – адам болмысындағы азғырушы нәпсінің құрылымдық элементтері. Жеке адами факторлардан жаралатын маргинализмды мәдени құбылыс ретінде қарастырсақ, адам психикасы да сыртқы әлемнен орын тауып маңдайлы құндылықтардың ұмытылуына әкеледі . Соңғы жылдармен салыстырып бұл жағын алып қарастырғанда ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың жоғалуы қайта құру мен жариялылықтың ықпалымен жастардың адамгершілік ұстанымдарының жоғалуына әкеледі. Дегенмен қоғамдағы жастардың орны ерекше. Сондықтан жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болмақ. Қорыта айтқанда, озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын болжай білетін тұлға ретінде қалыптастырары анық. Ұлттық және жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан жастардың белсендігінің қалыптасуында ұлттық менталитет, патриоттық сезімдермен қатар дүниеге қөзқарастық ұстанымдар мен діни сенімдердің де алатын орны ерекше. Сол себепті де, қазіргі кездегі жастардың ұлттық мәдениеттегі үлесі орасан. Себебі ұлт болашағы, қазақ халқының дәстүрінің жалғасы осы жастардың бойындағы ұлттық сана-сезім мен дүниетанымына тікелей тәуелді. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз бекер айтылмаса келек. Сондықтан мектептерде, кәсіби білім беру саласында және жоғары оқу орындарында ұлттық-рухани құндылықтарымызды көбірек жастарға жеткізіп, зиянды ағымдар мен теріс пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс. Қазақстан елі үшін өзінің әлеуметтік өміріндегі рухани-моральдық құндылықтарын сақтап, жаңғыртып күшейту мәселесі әлемдік жаппай жаһандану заманында өз бет-бейнесін, ішкі әлеуеті мен қайталанбас ұлттық болмысын еш нұқсансыз әрі дамыған күйде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру мақсатында басымдылық алуы тиіс. Жетпіс жылдық саяси отарлау салдарынан рухани-этникалық «мендігі» қоғамдық санадан өшіріле бастаған кезеңде, егемендігіне қол жеткізген қазақ елі, ендігі кезде шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар орнатып экономикалық байланысқа түсті. Бұл кезеңде де рухани моральдық құндылықтарды қалайда сақтап қалу және оны жаңғырту жолдарын іздестіру мәселесі күн тәртібінен алынбауға тиіс. Қазақстан халқы кеңес өкіметіне дейін өзінің рухани атамұрасын, моральдық-этикалық құндылығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ислам діні және шариғат өлшемдерімен сәйкестендіріп қалыптастырғаны мәлім. Сондықтан да бүгінгі күні халқымыздың діни-моральдық бет-бейнесін сақтап қалу үшін жан-жаққа, басқа жұрт мәдениетіне еліктемей, оның табиғи жолмен, ғасырлар бойы қалыптасқан діни сана-сенімін, ішкі қуатын қайта жаңғырту ісіне бел байланса, болашақ жастардың бағыт-бағдары адаспайды деген пайымдамыз. Сөйтіп, Шығыс пен Батыстың ізгі құндылықтарын тоғыстыра білген жастардың болашағы айқын болары даусыз.
R-ақпарат