• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.

Автор:admin

Июн 6, 2022
Spread the love

Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. Жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін- өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігінде береді жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауап-кершілікті нақты бөлу.Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып арнайы грант ұтып алған жастар көп Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асы-руға қаржылық колдау қажет Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет. Еліміздің жастары — белсенді де жарқын топ Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі казақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мумкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын өзімізге қойған сауалға келер болсақ, қазіргі жастардың келбеті қандай дегенде бір ғана тұжырым жасауға болмайды. Біз барлығымыз да қайталанбас бірегей түлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионика-лық протез ойлап тауып.робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұп жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы қүндылығымыз — осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар» Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын: «Біздің ең басты құндылығымыз -осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз — қуатты мемлекетті құру. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қара-мауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Қазіргі жастар – болашағының жарқын болуы үшін өздерінің ақылдарымен, талмас еңбегімен, сонымен қатар қайсар күш қуатымен өздерінің алдағы жоспарларының мақсаттарын табу керек. Бұл 21 ғасырда жаңа жаңа еліміздің бой көтерген, бәсекеге қабілетті сонымен қатар дүние жүзі бойынша құрмет тұтатын елді толықтыруда көптеген еңбек етіп әрі қарай алып жүру керек.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика