• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастар санасының құндылығы – болашақтың кілті!

Автор:admin

Июн 1, 2022
Spread the love

Жастар санасындағы аталған құндылықтың ерекше өзектіленуі жастардың базалық құндылықтарында олардың қазіргі кездегі және болашақтагы материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екенін айғақтайды. Аталған құндылықтың өзгеру бағыты тұтынушылық бағытталумен сипатталады. Ұлттық мәдени дәстүр мен құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлекеттік даму дәрежесін, ұлттық менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайды. Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз үшін қызықты мәселе, ол – жастардың мәдени тұрғыдағы өзін-өзі іске асыру және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі. Әлеуметтік жобаларды жемісті іске асыру және дағдарыстан шығу, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау үшін халықтың мәдени дамуының маңыздылығы жастардың мәдени құндылықтық ұстанымдары, бағдарлары және мәдени идеалдары мәселесінің өзектілігін арттыра түседі. Модернизациялау үдерісі, қоғамдық өмірге коммуникативтік ойлау әдәсінің діттеп енуі адамның мәдени тұрғыда өзін-өзі анықтау мәселесін өткрі қоюда. Осыған байланысты да жастардың рухани мәдениетін қалыптастыру тұрғысындағы тәрбие жұмысы күрделенуде. Бұдан мәдениет философиясы және мәдени антропология үшін әлеуметтік қатынастың әрі оның мәдени формасындағы адами мазмұнды анықтаудың өзектілігі арта түседі. Жастардың мәдени құндылықтық жүйе арқылы тек жекелеген адамның материалдық және рухани қажеттілігін ғана байқап қоймаймыз, сонымен бірге қоғамның нақты жағдайын да анықтай аламыз. Сондықтан жастардың материалдық және рухани тұрғыдан кемел болуы біздің болашағымыздың беки түсуіне ықпал етеді. Жастардың рухани тұрғыдан қалыптасуында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың орны бөлек. Қандай салада болмасын болашақ ұрпақтың кемелденуінің негізін сол елдің дәстүрі мен құндылықтары қалыптастыратын болса, оның еліне, жұртына адал болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, елі үшін ерінбей еңбектенуіне негіз болады. Әлеуметтік қажеттіктер құндылықтарының таңдаулысы көп жағдайда базалық құндылықтар таңдауымен байланысты. Жастардың әлеуметтік құндылықтары, сол білім алу басымдылығымен, болашаққа деген сеніммен, жақсы достар ортасымен және ортадағы беделмен анықталады. Адам баласын барлық жан-дүниесімен, тәни құрылысымен, ақыл-ойымен біртұтас болмыс деп қарастыру керек. Адамның бойында ар-ұждан, ұялу, сүйіспеншілік сияқты сезімдермен қатар, осы сезімдерге итермелейтін құмарлық, әуестік, ынта сияқты сезімдер де бар. Сол сезімдерді салмақтап белгілі бір шешімге келетін адамның  — ақылы. Бұл жағдайда ақыл адамның сезімдерінің арасында қазылық қызмет атқарады. Бірақ  бұл қазы кейде сезімнің жетегінде кетуі де мүмкін. Сондықтан адам баласы осы сезімдер мен ақылдың және ұжданның арасында әруақыт арпалыста болады деп пайым жасауға болады. Осы орайда қабілеттілік пен жеке қасиеттердің даму, қалыптасу үрдісі кезінде іштей өзін-өзі іске асыру жүреді, өмірлік мақсаттар қалыптасып, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жетудің негізгі жолы ретінде қаралатын өзін-өзі сырттай іске асыру болашағы құрылды. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп тамыры тереңнен тартылған төлтума мәдениеті бар, ол мәдениеттің өзіндік даму жолы, талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар. Қалыптасқан  рухани қазынамызды, дала өркениеті мен қазіргі әлемдік өркениеттің үндесе, үйлесімді дамуын ғылыми негіздерге бағыттай отырып қарастыру заманның талабынан туындайды.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика