• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Жастарға мол мүмкіндік ұсынатын бағдарлама жайлы білесіз бе?

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

 

Жұмысқа деген ынта болса, жұмыс та, ырыс та алдыңнан шығатыны белгілі. «Жас келсе іске» деген. Ел аумағындағы жүзеге асып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтып, бағыт-бағдар сілтеуді мұрат тұтқан. Тек ынта-ықыласыңыз болса болғаны. Жастар практикасы алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз жастарға арналған бағдарлама. Жастар практикасына кімдер қатыса алады? «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысуға қалай өтініш беруге болады? Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: Жеке басын куәландыратын құжат; Еңбек кітапшасы (бар болса); Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат. Практиканың ұзақтығы қанша? Жастар практикасынан өту мерзімі 2022 жылдан бастап 12 айға ұзартылды. Практиканы қандай кәсіпорындарда өтуге болады? Жастар практикасына арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Еңбекақы қанша? Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы әр аймаққа қарай 25 АЕК-дан бастап 40 АЕК дейінгі мөлшерде. Практикадан соң түлектер жұмысқа орналаса ала ма? Түлектердің көпшілігі практика өткен ұйымда жұмыс істеуге қалады. Көп нәрсе үміткердің өзіне байланысты. Егер ол жастар тәжірибесі барысында өзін танытса, жұмысқа тез кірісіп кете алған болса, оған тұрақты қызметкер ретінде қалуды ұсынады. Ұсынбаған күннің өзінде де қорқудың қажеті жоқ. Өйткені енді түлекте аз да болса белгілі бір жұмыс өтілі бар. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері оған түрлі бос жұмыс орындарын ұсына алады. Сондай-ақ орталық олардың түйіндемелерін электрондық еңбек биржасы – enbek.kz сайтында да жариялайды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика