• Сб. Ноя 15th, 2025
Популярные метки

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Автор:admin

Сен 30, 2025

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында білім саласын цифрландыруға, жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге айрықша назар аударды.
Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілі мен жасанды интеллект технологиясына негізделген «QAZAQ DIGITAL MEKTEBI» үлгісін әзірлеу арқылы ауыл мектептерін сапалы білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ, министрлік пен Ғылым академиясының үйлестіруімен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру, жасанды интеллектіні белсенді пайдаланатын университеттерге көбірек дербестік беру міндеті жүктелді.
Президент елімізге шетелден білікті мамандарды тартудың, әсіресе техникалық саланың үздік кадрларын Қазақстанда тұрақтап қалуына жағдай жасаудың маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша оқу бағдарламасын енгізу және ұстаздардың жаңа технологияларды меңгеру дағдысын қалыптастыру міндеті қойылды.
Бұл бағытта қолға алынған шаралар еліміздің білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғыртып, оқушылар мен мұғалімдерге инновациялық құралдар мен мүмкіндіктерді ұсынады. Жасанды интеллектің көмегімен жеке оқыту жолдарын құру, оқу процесінің тиімділігін арттыру және білім сапасын жақсарту мақсаттары іске асады.
Сонымен бірге, жасанды интеллект технологияларының білім саласында кеңінен қолданылуы, еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеулер мен инновацияларды қолдауға ықпал етеді. Бұл – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды қадамдардың бірі.
Осылайша, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу – заман ағымына сай, елдің білім беру саласын сапалы деңгейге көтерудің және жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды аспектісі болып отыр.
#ЦифрлықҚазақстан #ЖасандыИнтеллект #Жолдау2025 #ПрезидентЖолдауы2025

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *