Еңбек министрлігі халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов бағдарламаның 38 іс-шарасы ведомствоның қатысуымен іске асырылатынын, оның 17-ін министрлік тікелей жүзеге асыратынын айтты.
«Бірінші кезекте, іс-шаралар жұмыс орындарын құруға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды көлеңкеден шығаруға бағытталған. Қызмет көрсету саласында 900 мыңға жуық адам жұмыс істейді, олардың бір бөлігі заңнан тыс қызмет көрсетеді. Яғни бір реттік қызмет көрсетеді және көп жағдайда олар тапсырыс берушіден қорғалмайды. «Платформалық жұмыспен қамту». Қазіргі уақытта ол тестіленуде, биыл енгізілетін болады. Бұл мысалы, үйді тазарту, қорғау, азық-түлік жеткізу сияқты қызмет көрсететін адамдарға осы қосымшада тіркеліп, тез және ыңғайлы тапсырыс табуға мүмкіндік береді. Қосымшада тараптардың құқықтары мен міндеттері, орындаушының еңбек құқықтарын қорғау көзделетін қысқартылған шарт қарастырылады. Бұл көлеңкедегі адамдарға кәсіпкерлік ортаны қалыпты деңгейге шығаруға және аударуға мүмкіндік береді, осылайша, олар оңай тіркеліп, салық төлей алады», – деді Ержан Біржанов. Сондай-ақ 3-ші және 4-ші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 4,7 мың адамға қысқартылатын болады. Бұл шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді. 2021 жылғы қазанда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобалық басқару жүйесін енгізе отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаңа Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қайта форматталды. Жоба бойынша өңірлерде жаңа жұмыс орындары құрылып, жыл сайын 700 мың адамды жұмысқа жәрдемдесу шараларымен тарту көзделген. Оның ішінде, 36 мың адам кәсіптік оқытумен қамтылады, 50 мың адамға кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шаралар көрсетіледі, 97,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады. 2022 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 115,6 мың адам осы шараларға тартылды, оның ішінде – 31,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 36,4 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, бұл мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жұмыс, 8 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тартылды, 3,3 мың адам жастар практикасына жіберілді, 326 адам «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында жұмысқа орналастырылды.
R-ақпарат