Қазақтар тұрғындар ішіндегі жас халық, орташа жасы – 25 себебі олардың басым көпшілігі – балалар мен жастар. Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардыңжастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғурлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғурлым өңіп-өсу қарқынды жүреді. Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен – ді. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалаықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес. Национальный состав населения Республики Қазақстан Т.4. часть 1. Население Республики Казахстан по национальности. Полу и возрасту Итоги переписи населения 1999 года в РК А. 2000 49-237 б. Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып түр. 90 – жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды. Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған. 1988 жылдан бастап республикада туу азал бастады. Қазақстанда бірінде бір әйелге 2,5 баладан келеді. Ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1,5 баладан) мен Солтүстік, Шығыс өңірлерінің (бір әйелге 1,8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке оңтүстік өңір (бір әйелге 3,4 баладан) тұрғындары ие. Тұрғындарының басым көпшілігін қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылуда. Көпке дейін қазақтар арасында туылудың азаюы ашық байқала қойған жоқ еді, тек 90-жылдардың ортасынан туу көрсеткіші бәсеңдей түсті. Қазақ әйелдерінің туу коэффициенті қазір 3,1 процентке тең. Бала туудың бәсеңдеуі Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне де тән бола бастады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында бір әйелге орта есеппен 3,2 ден 3,6 баладан келеді (1) Бұл қазақтардың да біртіндеп көп балалықтан бас тарта бастағанын оңғартады. Орыс, украин әйелдері, қазақ әйелдеріне қарағанда әлдеқайда аз басанады. Олардың бір әйеліне 1,7 баладан келеді. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзірленді және 5 жылға есептелген. Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негізгі процентерді: өсіп-өнетін денсаулық жағдайын жақсарту және бала туудыынталандыру жөнінде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлімді және көші-қонды реттеуге, халықтың өлімін азайтуға, көші-қонды реттеуге бағытталған.
R-ақпарат