Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының дерегі бойынша қазіргі кезде әкімдіктердегі тұрғын үй кезегі 3,5 есе өскен ( 2012 ж. 1 қаңтарда — 147 мың, 2019 ж. 1 шілдеде — 512 мың адам). Бұған демографиялық процестер, кенттену және тұрғындардың еңбек көші-қоны себеп болып отыр. Орта есеппен алғанда, сұраныс жыл сайын 50 мың адамға өсуде, ал әлеуметтік тұрғын үй 20 мың адамға берілуде. Мемлекеттік билік заманауи жаһандық ахуалда «ұлттық бірлік – әлеуметтік бірлік», ал «қалыптасқан мемлекет – әлеуметтік мемлекет» қағидасын қолданып келеді. Мемлекеттің титулды этносын құрайтын қазақтарды алаңдатқан «жер туралы» мәселе шеңберінде заңнамаға енгізілу көзделген жоба шапшаң этно-ұлттық жұмылдыруға жол ашып, Семей, Атырау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында халықтың талаптары көрініс тапты. Осыдан кейін билік жер кезегін жүргізуді бақылауға алуға мәжбүр болды. Осы тұрғыдан әлеуметтік желідегі қоғамдық пікірдің жиынтығынан қазақ этносы арасында жердің экономикалық категория емес, саяси-тарихи мазмұнда қарастырады және сакралдық түрде сақталынғанын пайымдауға болады. Жер мәселесіндегі наразылықты есепке алған элита үндеу/жолдауда сакралдылықты қозғайды және әлеуметтік көңіл-күй жағдайын дәстүрлілік сеніммен тұрақтылық арнасына ауыстыруға ұмтылады. Осы тұрғыда демографиялық өзгерістердегі қоғам құндылықтарының төмендеуі мен адамгершілік қатынастар арасында өзара түсінбестік қалыптасуда. 2019 жылғы 1 жартыжылдықта Қазақстанда ішкі мигранттар саны 525,4 мың оның ішінде аймақаралық және аймақтық көші-қон сәйкесінше 197,4 мың және 328,0 мың адамды құраған. Жас топтары бойынша аймақаралық көші-қонда келесі көрсеткіштер бақыланды:
— еңбек етуге қабілеті бар – 133,8 мың адам (67,8%)
— балалар – 55,4 мың адам (28,0 %)
— зейнеткерлер – 8,2 мың адам (4,2%) (ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Нұр-Сұлтан, 2019. – 105 б.) Көшіп қонулар кезінде мамандардың, маусымдық жұмысшылардың көші-қоны айрықша мәнге ие. Еңбек тапшылығы бар аймақтарда жұмыс күшінің теңгерімсіздігі ішкі нарыққа әсер етеді. Осы бағдарда «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылған. «Еңбек» бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылады. Бұл ретте қоныс аударушылар (ішкі көшіп-қону) және оралмандар қатысуға басым құқыққа ие . Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев тапсырмасымен 2014 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Кейін «Серпін» жобасымен жүргізілген жұмыстар ішкі көші-қон дамыту, экономикалық белсенділік жоғарылату және ішкі әлеуметтік шиеленістер төмендетуге арналады.
R-ақпарат