2009 жылы 8-ші желтоқсанда ел Президенті «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға қол қойды. Заң мемлекеттік органдар басшыларына ерлер мен әйелдердің тәжірибелеріне , қабілеттеріне және кәсіптік даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, олардың жергілікті басқару органдарында, сондай- ақ мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушылық және сот тармақтарында тең серіктестік қатынастарының сақталуын міндеттейдіБұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлер мен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып, шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік» ұғымын заңнамалық тұрғыда бектітуі.Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды.Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған орай стратегияның әр бөлімінде БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сактау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөнінде көрсеткіштер енгізілген. Гендер — тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс.Егер адамның биологиялық, әлеуметтік саяси, психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екенін ескерсек, шындығында, ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды.
Осы тұста тең деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей» деген ұғыммен алмастырып алады.Сондықтан олар екі жыныстың биологиялық болмысын да теңестіріп жібереді.Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырылған гендерлік білім беру қажеттілігі туындап отыр. Ол әлемнің көптеген елдерінде зертеліп, нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда.Ал біздің еліміздегі гендерлік білім беру тек қана біржақты, шығыстық, діни сияқты парадигмаларға көзсіз еліктемей, тек классикалық негізге сүйене отырып, ұлттық таныс-түсінікті басымдыққа шығаратындай болуы тиіс, яғни, оның өзіндік Қазақстандық нұсқасы болуы керек және ол солай жүргізілуде.Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Бұл стратегияның берер жемісі әлі алда.
R-ақпарат