Егер отбасында бәрі жетіп тұрса әйел адам сырттан гөрі үйдің ішінің сәнін кіргізгені дұрыс қой. Әйел адам өмірге сәби әкеліп, соны жақсылап тәрбиелесе басты міндетін орындағаны дер едім. Рас Іскерлік, ақылдылық, білімділік жағынан алда тұрған әйелдеріміз баршылық. Бірақ көп емес. Сондықтан ер адамдардың оқбойы озып тұрғаны жарасымды да. Өзім гендерлік саясатты қолдамаймын. Ұстаз бақыты шәкіртіңмен бірге қуана білу. Біз үшін басты марапат — ата — ана мен оқушының алғысы. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. Ұл тәрбиесі Жас әкелерге арналған кеңестер ұсынып отырмыз. Кім де болса өзінің, атқа мінер, үйдің түтінін түтетер ұлының тәрбиелі болғанын қалайды. Сондай әкелерге арналған ұлдардың тәрбиесі жайында ой бөліспекпіз. Ұл тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт — байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел — жұрт, үлкен кіші, кәрі — жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел — жұртына қалай үлгі — өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі. «Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі — тағылымды кісілермен жиі барыс — келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі – өнеге алып өсуіне тамаша шарт — жағдай әзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын — тойлар мен үлкен кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен кіші ортасында бей — әдеп сөз сөйлеп, асып — таспауға, ашық – шашық жүгірмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік, әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.
R-ақпарат