• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Гендер дегенді әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, оларға билікке келуге жол ашу деп түсініп жүрміз?

Автор:admin

Окт 2, 2022
A woman and a man stand on the Scales of Justice.
Spread the love

Гендерлік теңдік дегеніміз ол – екі жақты теңдікті көздейді. Яғни, бұл ер мен әйелдің теңдігі. Ер мен әйелдің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері. Ешкім де ешкімге басымдық көрсетпейді, барлық адам тең құқылы. Жиналыстарда жаңа туған баласы бар ерлерге де заң жүзінде демалысқа құқық беру туралы айтылды. Неге әкесінің осындай жауапты сәтте баласымен бірге болуға құқығы жоқ? Бұл дегеніңіз ер адам баласы дүниеге келгенде баламен отыруға міндетті деген сөз емес. Тек оның құқығы бар деген сөз. Яғни, әр отбасы баланы кім тәрбиелеуі керек, кім жұмыс істеуі керек екенін өздері келісіп, шешеді. Бізде қалыптасқан стереотип бойынша, ер адам – асыраушы, әйел – ошақ иесі ғой. Біз осы стериотипті ешқандай да бұзғымыз келмейді. Бұл мақсаттардың бәрін жүзеге асыру үшін халықтың гендерлік теңдік стратегиясы дегеннің не екенін дұрыс түсінуіне ықпал етуіміз керек. Біздің ең басты мақсатымыз – қоғамдағы отбасының рөлін қалпына келтіру, арттыру. Біздің ойымызша бұл үлкен мәселе. Себебі отбасы да халықтың, айналып келгенде мемлекеттің негізін құрайды.  Айта кету керек, заң жобасына Мәжілістің үшінші шақырылымының депутаттары бастамашылық жасап, 2006 жылы Парламенттің қарауына ұсынған болатын. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан да әйелдер мен еркектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір жетістікке жетті. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы Конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы» Конвенциялары, азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы және басқа да халықаралық пактілер ратификацияланды. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі барлығы 60-тан астам халықаралық шарттарға қосылды. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы гендерлік теңдік пен әріптестік ынтымақтастыққа жағдай жасайтын нормативтік құқықтық акті жоқ. Осыған байланысты депутаттар «Әйелдер мен еркектердің тең құқықтары мен бірдей мүмкіндіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу кажеттілігі туындағанын сезініп, бастамашылық жасады. Қоғам дегеніміз өз кемшіліктерімен, артықшылықтарымен ерекшеленеді, үнемі жақсылық пен жамандығы араласып жатады. Сіздің сұрағыңызға орай статистикалық мәліметтер келтірейін. Қазір қарап отырсаңыз, ерлердің өмір сүру жасы төмендеп кеткен, өзіне-өзі қол жұмсау сияқты оқиғалар да әйелдерге қарағанда ерлер арасында жиі кездеседі. Сондықтан да кейбір елдерде ерлерге арналған кризис орталықтарының ашылып жатқаны рас. Бұл әрине, мемлекеттік емес ұйым. Дегенмен проблема бар. Ендеше. оның алдын алатын, шешетін жерлердің де болуы заңды қажеттілік.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика