Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген əйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.
Бүгінгі өмірлік жағдайда гендерлік мәселеге қоғам тарапынан көптеп назар аударылуда. Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел –ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саяси ғылымға жалғасып, осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды.
Гендерлік саясаттың маңызы — қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады.
Айта кетер нәрсе, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір істің қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес шығар сірә. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері қаншама. Бұл елімізде әйелдер қауымының гендерлік теңдікке біршама қол жеткізгендігін білдіреді. Дегенмен, гендерлік теңдікке толықтай қол жеткізу үшін заңнамалық құжаттардың күші жеткіліксіз, өйткені бұған негізінен халықтың менталитеті, ділі және дәстүрлі түсініктері де ықпал ететіні сөзсіз.
Егемен Қазақстанның тәуелсіз қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен тиесілі өз орындарын тауып, саясатты да, бизнесті де, ғылымды да жан-жақты меңгеріп, қоғамның барлық саласына ер азаматтардан қалыспай, белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқарды және атқырып келеді.
Біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер және біздің мемлекетіміздің гендерлік саясаты, сонымен қатар, онымен байланысты отбасы, әйелдер және балалар, әйелдердің жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі бойынша қалыптасқан құқықтық база соның дәлелі болса керек.
Гендірлік саясат қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін нәзікте мейрімді әйелдер қауымының тұғырын бекітеді әрі елімізде демократияны, теңдікті, әділеттілікті орнықтыратындығы сөзсіз.
R-ақпарат