Қазіргі Қазақстан қоғамында мемлекеттің гендерлік саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мәселелері бұқаралық санада жағымды демократиялық қағидалардың, ғұрыптардың жүйеленуі мен нығаюы салдарынан өзекті сипатқа ие болып отыр. Гендерлік саясатқа немқұрайлы қарау мемлекет пен қоғамның демократиялық құрылымының негіздерін бұзады, азаматтық қоғам институтының тиімділігін азайтады, құндылықтар демократиялық жүйесінің мәртебесін төмендетеді және сонымен қатар саяси жүйені демократияландыру барысына сенімсіздік тудырады. Гендерлік саясаттың мақсаты – нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу. Бұл барлық адамдар таптаурын салттар мен дәстүрлі гендерлік жүйеден туындайтын шектеулерден тәуелсіз түрде таңдау еркіндігіне және өздерінің жеке қабілеттерін дамыту еркіндігіне ие деген сөз. Гендерлік теңдік екі жыныс өкілдерінің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін біркелкі деңгейде жүзеге асыру мәселесін қозғайды. Ерлерге қатысты гендерлік кемсітушілік деректерін – ондай жайттар Қазақстан қоғамында орын алып тұрады – назардан тыс қалдыру орынсыз болып табылады. Сөйтіп мемлекеттік гендерлік саясат әйелдердің ғана жағдайын жақсартуға емес, екі жыныстың да мүдделері мен мүмкіндіктерін тең дәрежеде ескере отырып, нақты гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Әйтпесе теңдік мәселесіне қатысты гендерлік саясаттың саралануы толық болмайды әрі әйелдік субъективтік көзқараспен ерекшеленетін болады. Қазіргі Қазақстандағы гендерлік саясаттың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда қазақстандық саяси көшбасшылардың мемлекеттік қызметтің осы бағытына деген саяси мүддесінің әлсіздігін, саяси дәстүршілдікті, бұқаралық саясат кеңістігінің әйелдер үшін шұғыл тараюын, гендерлік саясат нысандарының материалдық теңсіздігін атауға болады. Іс жүзінде қазақстандық әйелдердің экономикалық мәртебесі қазақстандық ерлерге қарағанда төмен. Соның нәтижесінде бизнесте, сонымен қатар басты қаржылай қорлар шоғырланған және саяси элита қалыптасатын салалар мен мамандықтарда әйелдердің аз екендігі, азаматтардың тең құндылығын түсінудің бұзылғандығы, халықтың ер және әйел тобының өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен моральдық құндылықтары және сонымен қатар қазақстандық қоғамда тарих барысында қалыптасқан салт-дәстүрлер мен таптаурындар байқалады.
R-ақпарат