Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты — əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды. XX ғ. 60- шы жылдары жаңа гендер ұғымы пайда болды. Ғылымда осы кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы — үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы. Барлық мəселе осыдан шығады. Бірақ гендер — биологиялық жыныстық ерекшеліктеріне қарағанда өте күрделі құрылым. Жыныстық биология, гендерлік ұқсастық, гендерлік идеалдар жыныстық ұқсастықтың бірнеше бөлігінің компонентінен тұрады. Гендер екі жыныстылардың, яғни өз кезегінде бір жыныстың екінші жынысқа жататындығына байланысты белгілі бір əлеуметтік рөлдерінің орындауындағы айырмашылықтары физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерінің анықтамасын сипаттайды. Əйелдер мен ерлер гендерлік аспектде, яғни белгілі бір мəртебесі, мүддесі, қажеттілігі жəне жүріс-тұрыстың əлеуметтік стратегиясын иеленетінін əлеуметтік индивид ретінде қарастырылады.
Сонымен, гендерлік саясаттың маңызы — қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бұның жағымды жетістіктерінің болғанын сенімді түрде атап көрсетеуге болады. Екі жыныстылар ішінде қайсысы аз қорғалады деген сұрақ туса, оған тек бір ғана жауап бар: ол- əйел адамдар. Оған келесі фактіні айтуға болады,: яғни əйелдерді қорғау үшін дүниежүзінде көптеген ұйымдар құрылған жəне құрылуда. Олар өз мақсаттарына жету үшін өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Ал ер адамдарға келсек, олар саясат жəне барлық қоғам өмірінде əрқашанда биік орын алады. Бұның себебін мақала барысында əрі қарай жалғастырып көрсетеміз.
R-ақпарат