• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Волонтерлік туралы волонтерлер: Оқиғалық волонтерлік

Автор:admin

Авг 7, 2022
Spread the love

Волонтерлік әлемі алуан түрлі!

Жануарларға, қарт адамдарға, тамақ дайындауға, азық-түлік тасымалдауға және басқаларға көмектесуге болады! Сонымен қатар іс-шараларға көмектесіп, ұйымдастыруға да болады. Иә, бұл да волонтерліктің бір бағыты.

Біздің анықтамамызға сәйкес:

Оқиғалық волонтерлік немесе оны жиі еvent-волонтерлік деп атайды – бұл ең үлкен бағыттардың бірі, өйткені ол волонтерліктің бірнеше бағытын қамтиды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, волонтерлік лагерьлердің қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге, археологиялық қазба жұмыстарына, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, егер өзгеше белгіленбесе, конгресс-көрме қызметіне қатысу.

Бүгін Алихан бізге оқиғалық волонтерлік туралы айтып береді:

Бәріңізге сәлем! Менің атым Мадибеков Алихан, Алматы қаласы РФММ оқушысымын. Мен ботаникамен, әсіресе жәндікқоректі өсімдіктермен, олимпиадалық химиямен, әлеуметтік жобалармен және де волонтерлерлік қызметпен айналысамын! Бос уақытымды ғылыми зерттеулерден бастап тамақ дайындауға дейінгі түрлі салаларда өзімді дамытуға арнаймын. Менің әлеуметтік жобаларымның бірі – DevCrossing де көп уақытымды алады.

Мен 7-сыныптан бастап, яғни 4 жыл бұрын волонтерлік қызметпен айналыса бастадым, ал 8-сыныпта бірнеше клубта – мектеп және қалалық клубтардың мүшесі болдым. Барлығы тәлімгерліктен және оқиғалық волонтерлік қызметтен басталды, яғни іс-шараларды ұйымдастыруға көмектестім. Жоғарыда айтып өткенімдей, мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ағылшын тілін, ал кейінірек химия пәнінен сабақ бердім. Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларда волонтерлік негізде қызметтер атқардым. Мұның бәрі мені ЮНИСЕФ пен ҰВЖ-не әкелді. Қазіргі уақытта Инклюзивтік Қоғам бағытының сертификатталған волонтері, сондай-ақ, Қазақстандық Википедияны дамыту бойынша волонтер болып табыламын.

Оқиғалық волонтерлік қызметі волонтерді белгілі бір лауазым мен ұйымға байлап қоймайды, ол әртүрлі қызмет салаларында әртүрлі рөлдерде өзін сынап көруге мүмкіндік береді. Мен мұны кәсіптік бағдарлау қызметі деп атар едім, өйткені сіз өзіңізді, мамандығыңызды іздейсіз. Мұндай іс-шаралар ұзақ мерзімді болмайды, ол кезде мен жобаларға тұрақты негізде уақыт бөле алмадым, егер сіздің уақытыңыз аз болса, онда бұл бағыт сіз үшін арналған.

Қазір Қазақстандық Википедияны дамытып жатырмын, яғни қазақ тілінде мақалалар жазамын, олардың көбі ботаника туралы. Сол жылы достарыммен бірнеше ай бұрын қарқынды дами бастаған жобамызбен жұмыс істей бастадым. DevCrossing – бұл психологиялық проблемалары бар жасөспірімдерге көмектесуге бағытталған әлеуметтік жоба, яғни біз барлық мұқтаж адамдарға тегін қолдау көрсетеміз. Мен ұйымдастырушылық мәселелермен айналысамын. Қолдау мен дизайн сияқты басқа мәселелер бойынша бізге тиісті бағытта дамушы волонтерлер көмектеседі, мен оларға өте ризамын.

Қызықты оқиғалар өте көп, бірақ, ең есте қаларлығы алғыс алу шығар. Әр жобаның соңында көптеген ризашылықтарды естіген кезде рахаттанамын. Ал сіз жағымды пікірлер алған кезде одан да жақсы:)

Мен мына оқиғаны ешқашан ұмытпаймын. Бұл еліміздің барлық ірі бизнесмендері жиналған іс-шара кезінде болды. Мен гардеробтағы, кейінірек мәжіліс залындағы жұмыстарға көмектесіп жүрдім. Ұйымдастырушылар көп нәрсені ұсынды – мен оларды бүгінгі күнге дейін өзімнің мерчтерімнің топтамасында сақтаймын (ал олар менде волонтерлік қызмет арқасында өте көп), қонақтардың әр кофе-брейкінен кейін тамақ ішемін, бірақ тағамдар қалмады. Іс-шараның ортасында волонтерлер шаршады және бізде ішуге тек шексіз кофе ғана қалды. Бұл күні мен 2 американо, 2 латте, 1 капучино іштім. Стақандар кішкентай болды, бірақ мен үшін бұл қалыпты нормамнан жоғары болды. Сағат 20:00-ге жақын іс-шара аяқталды, шаршаған күйде үйге автобуспен қайттым. Менің басым айналғаннан өзімді нашар сезіндім. Бірақ, мен бұл жағдайды есіме түсіріп күлдім және есіме түскен сайын күле беремін. Сол кеште мен өзіме кофені тұтыну мөлшерін арттырмайтыныма уәде бердім, енді кофенің иісі маған осы іс-шараны, жағымды эмоциялар мен волонтерлермен ғана емес, еліміздің кәсіпкерлерімен де танысуды еске салады.

Маған жылулық пен ерекше дәмдермен есте қалған тағы бір оқиғаны айтып берейін. Бұл мен бірінші рет таңнан түнге дейін, бір күнімді волонтерлікке арнаған әдеттегі күн болды. Мен бірнеше іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесетін болдым да, маған қаланың бір бұрышынан екінші бұрышына баруға тура келді. Автобуспен. Бақытыма орай, менімен бірге клубтың үйлестірушісі және белсенділер болды. Мен автобустарға шыдай алмайтыныма қарамастан, достармен жолдағы екі сағат өте жылдам өтті, қалай жеткенімізді де байқамадым. Бірақ бұл оқиғаның ең қызықтысы – тамақ. Біз көмектескен жерде үлкен дүкендер болған жоқ, таңдау онша көп емес. Достарымның айтуынша, біздің жегеніміз — волонтерлердің дәстүрлі тағамы… Бұл тек құлпынай джемі, шабдалы джемі және майонез қосылған кетчуп салмасы бар таба нан болды. Тек осылар ғана… бұл дәм әлі есімде.

Өкінішке орай, көптеген жастар бір жерден «Волонтерлік оқуға түсу кезінде артықшылық береді…» дегенді естіген соң ғана волонтерлік қызметпен айналысады. Әр жолы, жобаның басында адамдардың 70%-ы бір нәрсеге қызығушылық танытады – алғыс хаттар/ұсыныс хаттар беріле ме? Бір жағынан, бұл жақсы мотивация, бірақ екінші жағынан…

Барлығын шын жүректен жасаңыз! Жаңа таныстар табыңыз. Волонтерлік – жалғыз емес, топпен жұмыс жасауды білдіреді. Дәл осы қызметтің арқасында мен көптеген керемет адамдармен таныстым, олардың кейбіреулері менің ең жақсы достарыма айналды! Қазақстандағы волонтерлік мəселесі

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды  ақылға  жеңдіре  білу,  командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.

Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат жəне т.б.

«Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктіргенмұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар əлі де бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды олволонтер.

Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған.

Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді.

1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие  Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I.Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930 жылдар S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарымқатынас   құру   тəсілі   ретінде   бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды.

Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды.

1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді.

Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды. Адамдар волонтер көмегіне суынуы жəне волонтерлік бəсекелестіктің мықты құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы  құрылған   ЮНЕСКО-ның  жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР жəне Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз адам алмасу болды, нағыз достық пайда бола бастады. Шығыс волонтерлері де батысқа саяхаттады. Азия,  Африка  жəне Латын Америкасындағы волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда болды.

1960 жылдары дамушы елдерге көпжылдық көмек көрсету программасы бастау алды. Міне сонда олардың деполитизацияға үндеуі басталды. Себебі волонтерлерді Қырғи-қабақ соғыста əскер ретінде пайдалануды тоқтату мақсатында, БҰҰ волонтерлер корпусын тағайындады. 1950 жылдарда ЮНЕСКО-дан жергілікті жерлерде АҚШтан, Иорданиядан келген кішігірім волонтерлар тобы жұмыс жасады. Оның мақсаты араб елдерінде жəне Латын Америкасында сауаттылықты ашу. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасы жасалды. Волонтерлік ол көп ұлтты құбылыс. Жапония, АҚШ, Канада, Австралия, Англия, Италия жəне өзге дамыған елдердің пайымдауынша, ерікті іс-əрекет демократия принциптерінің қолдауы мен жеңілдетуіндегі негізгі рөл атқарушылардың бірі ретінде түсіндіреді, ең алдымен, шешім қабылдау процесінде көпшілік азаматтарды тартады. Елдердің үкіметтері ерікті қозғалысқа жан-жақты көмек көрсетеді, түрлі заңдар шығарылады, ерікті қозғалыс бағдарламаларын қабылдайды. Міне солай, Жапонияда еріктілер орталықтарының жүйесі бар, оған жалпыұлттық, преферактуралды жəне муниципалды орталықтар кірді. Жапония Министрлігі волонтерлік жұмыспен айналысуды жүзеге асырумен айналысу негізгі міндеті.

Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының еріктілер қозғалыс қарарына қаржылай демеуші болды. 1997 қараша айында Қазақстан 100-ге жуық дүние жүзі елдерімен қатар A/RES/52/17 қарарына қол қойып, 2001 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигер мемлекеттерімен бірігіп 2002 жылдың желтоқсан айында A/RES/57/106 қарарына демеуші болды. Онда былай делінген: «…волонтерлік принципі кез келген стратегияның маңызды компоненті, кедейшіліктің азаюы, тұрақты дамуы, денсаулық, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне басқару, əлеуметтік интеграция жəне əлеуметтік эксклюзивті жеңу жəне дискриминация».

Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы ретінде, қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы жəне одақ мəселелерін сол одақпен шешу ретінде таратты. Қазіргі уақытта да волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл бөлуін қажетсінеді: ҮҮЕҰ жəне халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер жəне бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011 жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті əлеуметті белсенді халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың дамуын алу». Еріктілер – демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды. Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс  жасайды. Əзірше əлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды.

Желтоқсанның 5-і. Экономикалық жəне əлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. Атаулы күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, ол Құрылған уақыты: 2010 жылғы 30 сəуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы жəне Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы. Волонтерлік ұйымдарды, волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің дамуына қызығушылық білдіретін жеке тұлғаларды біріктіреді. Мақсаты: еріктілік бастамалардың əрі азаматтық қоғамның толыққанды жəне үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту. Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім əрі машықтарға үйрету, қолдау көрсету жəне т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету əрі өзара байланыс орнату. Білім алу мүмкіндігі; іссапарлар. Гранттар алу жəне бірлескен желілік жобаларды іске асыру мүмкіндігі жəне т.б. ие болады. ҰВЖ-мен серіктестікте көптеген шаралар өткізілген. Мысалы:

Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясы (MCED-6).

ЕҚЫҰ Саммиті.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары.

Аталмыш шаралардың топтар көшбасшыларын жəне волонтерлерін дайындау бойынша негізгі жаттықтырушылар – ҰВЖ мүшелері.

«Бірлігіміз жарасқан!   Көптің   тілегі  –күш!» атты концерт-фестиваль, Астана қ. Қазақстан халқы   Ассамблеясының   17 сессиясы.

Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемаларына келер болсақ. Волонтерліктің де басқа елдердегі сияқты тарихы тереңде жатыр. Бірақ волонтерлікті дамыту жəне қолдау мəселелері əлі де өзекті болып отыр. Бұл əртүрлі себептер мен проблемаларға байланысты:

Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;

Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;

Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;

«Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сəйкес волонтердің де мəртебесі анықталмаған. Бұл орайда олардың əлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын əзірлеу өте дұрыс болмақ.

Волонтерлікті дамыту үшін ұсыныс: Осыған байланысты, төменде келтірілген ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы волонтерлікті дамытуда септігін тигізеді, ортақ мақсатқа мүдделі жақтардың бірлестіріп; мемлекет, ҮЕҰ.

Мемлекет үшін:

Волонтерлік туралы заң елімізде волонтерлік статустың жоғарылауымен, жағдай жасау мен волонтерлік құжаттамасы, сонымен қатар волонтерлік институтың қалыптасуы мақсатында қабылдау керек. Волонтерлерді құқықтық қолдау арқылы біз волонтерлер тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды тоқтатуда, статусын жоғарылату үшін, волонтерлардың жақсылық жасауына жағдай жасау жəне халық арасында волонтерлік мағынасын түсіндіруде пайданатын едік.

Волонтерлардың ел экономикасына үлес қосып жатқандығы туралы ресми зерттеуін қолдау.

Ауылдық жерлердегі волонтерлік ҮЕҰ қолдау көрсету.

ҮЕҰ үшін:

Волонтерлік туралы заң қабылдауын қадағалау.

Волонтерлік туралы əлеуметтік жарнамалардың алға басуын қадағалау, соған байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру, БАҚ бірлесу.

Волонтерлік қызметке аға буын өкілдерін шақыру.

Ұлттық Волонтерлік желіге ақпарат жəне тəжірибе алмасу үшін қосылу.

Ата-аналармен, ұстаздармен, ұйымдармен, волонтерлермен ақпараттандыру істерін жүргізу, ол мəліметтер өте қажет болуы мүмкін. Жас волонтерларды елге қаншалықты маңызды əрі қажет екендігін түсіндіру.

Мектептерде, колледждерде, университеттерде дамуына септігін тигізу.

Бизнес құрылымы үшін.

Жергілікті бірлестіктер үшін əлеуметтік жарнама жүргізуде волонтерларды жəне волонтерлік ұйымдарды қатыстыру.

Волонтерлік тəжірибені жұмысқа орналысуда ескеру.

БАҚ əлеуметтік жарнамалардың жарнамалауына қолдау көрсету.

Осы секторлардың серіктестігі, сонымен қатар халықаралық ұйымдар арқылы Қазақстандағы волонтерлік мəселесінің дамуын жаңа сатыға шығаруы мүмкін. Волонтерлік қозғалыстар сонда да еліміз үшін жаңа құбылыс, өзіндік перспективті қиыншылықтары бар. Волонтерліктің құрылуы азаматтық қоғам тарапынан тиянақты үлес қосуды, мемлекеттік құрылымдар тарапынан түрлі қолдау көрсетуді жəне бизнестің назар аударуын талап етеді. Міне, сонда ғана волонтерлік қоғамда өзіндік маңызды орынға ие болады.

Мектеп жасынан бастап волонтерліктің дамуын мойындау жəне колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатындарға қолдау көрсету.

Тендер өткізу процесінде əлеуметтік тапсырыс ретінде волонтерлікті дамытуды қосу.

БАҚ пайдалана отырып Қазақстан бойынша əлеуметтік жарнама жасау жəне оған қолдау көрсету.

Орталық Азиялық немесе халықаралық волонтерлермен алмасу бағдарламасын жүзеге асыру.

Волонтерлік ұғымы: оның әлемдегі және Қазақстандағы даму үдерісі.

Волонтер сөзінің этимологиясы латынның voluntarius, яғни ерікті деген сөзінен шыққан. Шығу тарихы XVII ғасырдағы Еуропа елдерінен бастау алады. Тұрақты жалдамалы әскерге жұмсалатын қаржы көлемі көп болғандықтан орта ғасырдағы кейбір билеушілер халық арасынан еріктілерді жинап, олардың әлеуетін өз мақсатын іске асыру жолында пайдаланған. Қайтарымы ретінде түрлі атақ беріп, оларды марапаттап отырған. Волонтерлік алғашқыда әскери сипатта пайда болғанымен уақыт өте келе қоғамның өзге де салаларына тарай бастады.

1844 жылы Англияда «Жастардың христиан қауымдастығы» бүкіләлемдік ұйымы құрылды. Бұл ұйымға кірген адамдар «жанын, тәнін және ақылын» аянбай христиан дінінің ілімдерін насихаттауға жұмсауды мақсат етті. 1851 жылы аталған ұйымның филиалы Америкада пайда болып, азаматтық соғыста зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетумен шұғылдана бастады. Осы сияқты діни, идеологиялық мақсатта пайда болған және үлкен танымалдыққа ие болған волонтерлік ұйымдар өте көп.

Волонтерлік негізінен ақысыз еңбек етуге негізделген. Дегенмен қазіргі таңда ұйымдастырушылардың белгілі бір көлемде ақы төлеуі арқылы іске асырылып жатқан волонтерлік жобалар аз емес. Сондай-ақ, тәжірибе жинау, өзін жетілдіру, белгілі бір саланы игеру немесе әр түрлі салаларда еңбек етіп, жаңа кәсіптерді бағындыру мақсатында ақысыз еңбек етуші волонтерлер де жиі кездеседі.

Әлемдегі волонтерлік қызметтің ең кең таралған бөлігі білім беру саласына тиесілі. Жалпы волонтерлердің 42 пайызы осы саланы таңдайды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында 20 %, даму саласында 12%, агромәдени саласы 9%, экономикалық даму-байланыс саласында 8%, қоршаған ортаны қорғау саласында 7%, бейбітшілік, татулықты сақтау саласында 2 % волонтер қызмет етеді.

Волонтерлікті өзі ұнататын сала бойынша таңдаушылар өте көп. Мысалы спортты ұнататын көптеген фанаттар олимпиада болған жылдары сол елге барып, шетелдік қонақтарға түрлі салаларда ақысыз қызмет көрсетумен айналысады. Сол арқылы да өзі қызыққан спорт сайыстарын тамашалау, атақты спортшыларды көзбен көру мүмкіндіктерін иеленеді.

Мысалы 2014 жылғы Сочидегі олимпиада ойындарында 61 елден жалпы 25 мыңға жуық волонтер қызмет еткенін атап өтуге болады. Яғни, олимпиадаға қатысқан сопортшылардың саны 2800 болғанын ескерсек, волонтерлердің саны ресми спортшылар санынан 9 есе көп болған деуге болады.

Ал осы олимпиадада волонтер болуға өтініш білдіргендер саны 200 мыңға жуық болғаны айтылады. Іріктеуден өткен волонтерлер шараға келген қонақтарды күтіп алу, навигациялық қызмет, логистика, олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарын ұйымдастыру, тамақтану орындарының жұмысын жүргізу сияқты әр түрлі салаларда мемлекетке көмектескен.

Әлемде әйелдер ерлерге қарағанда көбірек волонтерлік қызметпен айналысады екен. Шамамен 3 әйел волонтерге 1 ер волонтер келеді. Бұл әйелдердің эмоцияға берілгіш, жаны ашығыш қасиеттерінен болса керек деп топшылауға болады.

Бүгінде әлем халқының шамамен 150 мыңға жуығы тұрақты түрде волонтерлікпен айналысады. Дүние жүзінде волонтерлік бойынша ең үздік мемлекет Скандинавия елдері саналады. Мәселен Дания халқының шамамен 67 пайызы, Норвегия халқының 62 пайызы, Финляндия халқының 58 пайызы, Швеция халқының 56 пайызы волонтерлік қызметпен айналысады (Певная Мария Владимировна «Волонтерство как социальный феномен: управленческий подход» Диссертация на соискание ученой степени доктора социологических наук, Екатеринбург 2016, 146-бет).

Қазақстанда да тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еріктілер деген ұғым кең таныла бастады. Дегенмен волонтер деген сөз әлемдік біртұтас терминге айналғандықтан кейіннен «еріктілер» сөзі «волонтер» сөзімен ресми алмастырылды.

2016 жылғы 30 желтоқсанда елімізде «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Волонтерлік қызметті дамытуға мемлекет тарапынан да көңіл бөлініп, арнайы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары іске асырыла бастады. Өткен жылы Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» ретінде белгілеп, осы саланы дамытуға қатысты нақты шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда Қазақстанда волонтерлік мақсатта құрылған және елдегі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген волонтерлік топтар аз емес. Мысалы Ұлттық еріктілер желісі, Rina.KZ, «Команда SOS» еріктілерді үйлестіру орталығы т.б. волонтерлік ұйымдардың қызметтерін атап өтуге болады. Осы аталған және өзге де волонтерлік топтар елімізде өткен көптеген ірі шараларда (ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, VII қысқы Азия ойындары, ЕҚЫҰ саммиті т.б.) жемісті қызмет еткенін айта кету керек.

Бүгінде әлемді жаулаған коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты мұқтаж жандарға көмектесу, елді мекендерде медициналық құралдар тарату, құзырлы мекемелермен бірлесіп рейдтік шаралар өткізу сынды бағытта еліміздегі волонтерлер жұмыла қызмет етуде.

Қазақ дәстүріндегі волонтерлік қызмет.

Көп адам волонтерлік қызметті Қазақстанға енді келіп жатқандай түсіндіреді. Шын мәнісінде тарихымызда аты басқа болғанымен заты волонтерліктен кем түспейтін ғұрыптар бар. Олардың бірі – асар. Бұл туған-туыстарға, көрші-қолаңға, ауылдасқа немесе көмекке мұқтаж өзге де адамдарға ерікті түрде, ақысыз қол ұшын созу деген мағына береді.

Адам өмірінде жеке бір кісінің немесе бір отбасының қолынан келе бермейтін күрделі істер аз емес. Мысалы көшпелі қазақ халқында қыста малға азық болатын жем-шөп жинау, қора-қопсы салу, қыстайтын үй-жай салу, егіншілікті кәсіп еткен адамдар үшін арық қазу, жер жырту, астықты жинау сынды күрделі істер бар. Ата-бабаларымыз осындай кезде өзге адамдарды, туған-туыстарды, көршілерді көмекке шақырып, ол істі бірлесе жүзеге асырған. Ал асарға шақырушы отбасы жақсылап дастархан жайып, көмекке келген кісілерді күткен.

Бұдан бөлек халқымыз жетім-жесірлерді жылатпауды, оларға көмектесуді міндет санаған. Осы орайда, асыраушысынан айрылған, еңбекке жарамсыз адамдарға да көршілері жұмыла отырып, қолдау көрсеткен сәттер жиі кездеседі.

Асар – қазақ халқының дәстүрінде ауызбіршіліктің, көпшілік, туған-туысқандық институттың, патерналистік жүйенің ең жарқын көріністерінің бірі және әлі күнге дейін ауылдық жерлерде бұл дәстүрдің жібі үзілмей жалғасып келеді. Бұл адамдар арасындағы жақындықты, мейірімділікті одан әрі бекіте түсетін игі дәстүр. Сондықтан да халқымызда «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық» деген тәмсіл қалыптасқан.

Кейбір жағдайларда асарды «үме» деп те атаған. Ол туралы қазақтың көне тарихында былай делінеді: «Қазақ арасында ерте заманнан келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір-бірінің жұмысына қолқабыс көрсетеді. (Ә.Қ. Бердібаева «Туысқандық қатынастарынан туындайтын келісім-шарттар» Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика институты, Қазақстан, Алматы қаласы, ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №2 (62). 2012 жыл, 6-бет)

Қазақ дәстүрінде осыған ұқсас «ағайынгершілік», «жылу», «қызыл көтеру», «өлі сыбаға» сияқты бірнеше ұғымдар бар.

«Ағайынгершілік» ұғымы да қазақтың басын біріктірген, қиындыққа, жұтқа тап болған немесе мал-мүлкінен айрылған отбасына қоғам болып көмектесу дәстүрі. «Жылу» да осыған ұқсас. Материалдық қиындыққа тап болған адамға туыстары, ағайы, көршілері, достары болып қаржылай, материалдық тұрғыдан қолдау көрсету мағынасын білдіреді. «Қызыл көтеру» ұғымының мағынасы да көмектесу, жақсылық жасауды білдіреді. Мысалы мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қоғамында түрлі төтенше жағдайлар орын алып отырған. Азын-аулақ малымен отбасын асырап отырған кісінің малы пышаққа ілінсе көршілері, ауылдастары, жақындары болып оны бөліп алады. Сәйкесінше бәрі жиналып, еттің ақшасын малдың иесіне төлейді. Зардап шеккен адам өз кезегінде ол ақшаға басқа мал алып, өз кәсібін, тыныс-тіршілішін одан әрі жалғастыра береді.

Мұны көбінесе балықшы ауыл қолданады. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден өткен жетім-жесірлерге, балықшылар үлес береді. Мұндайға ешкім іштарлық немесе қарсылық көрсетуге тиісті емес. Бұл ел ішінде бұлжымас заң болған. Қазақ даласында егіннен – кеусен, малдан – көгендік, мүліктен – шүлен, балықтан – өлі сыбаға беру сияқты жоғары азаматтық пен жомарттықтың, кең пейілдің, қамқорлықтың ғажайып мысалдары ел тарихы мен әңгімелерінде жиі кездеседі.

https://kz.otyrar.kz/2018/09/so%D2%93ymbas/

Жаһандану өзгерістері, нарықтық заман, капиталистік қоғамның кейбір қағидалары (өзін ғана ойлау, табыс табу, қаржылық қажеттіліктер т.б.) біздің қоғамда да өзгеге көмектесу, қайтарымсыз жақсылық жасау сынды құндылықтарды азайтып жатқанын айта кету керек.

Волонтерліктің батыс елдерінде пайда болу тарихы көбінесе саяси, діни мақсаттардан, пайда табу, өзгенің әлеуетін өз мақсатына пайдалану сынды ойлардан шыққанын мақала басында айтып өттік. Ал қазақ жеріндегі асар, үме жинау, ағайынгершілік, жылу, қызыл көтеру, өлі сыбаға сынды ұғымдардың барлығы шынайы игілік жасау, адамгершілік, татулық мақсатында пайда болғанын да атай кеткен жөн.

Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері.

Елімізде волонтерлік қызметке қатысты халықтың арасында айқын түсінік қалыптаспаған. Волонтерлік термин ретінде көп адамға таныс болғанымен, оның мән-мағынасы, қоғамға пайдасы жайлы толық түсінік жоқ.

Мысалы осы мақаланы жазу барысында өзім танитын бірқатар жоғары білімді азаматтармен сұхбаттасып, «Өміріңізде волонтер болып көрдіңіз бе?» деген сұрақты қойдым. Мен сұраған жиырма азаматтың басым көпшілігі, яғни он жетісі «Жоқ» деген жауап берді. Ал «Осы күнге дейін көршіңізге, туысыңызға көмектескен сәттеріңіз болды ма? Асарға қатыстыңыз ба?» деген сауалға барлығы «Ия, бірнеше рет» деген жауап алдым. Яғни, асарлатып көршіге, туған-туысқа немесе қандай да бір мұқтаж жанға көмектесу де шын мәнісінде волонтерлік қызметке жататынын көп адам түсіне бермейді.

Сондықтан халық арасында волонтерлік қызметтің шеттен келмегенін, аты бөлек болғанымен қазақтың тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін тереңірек түсіндіру қажет. Осы арқылы волонтерлік қызметтің түбіне барша халықты ментальді түрде топтастыруға болады.

Сондай-ақ, ел тұрғындарының санасында волонтерлік қызмет көбінесе бірыңғай жейде киіп, көшелер мен парктерде жалаушалар, белгілі бір заттарды таратып жүретін жастар ретінде қалыптасқан. Шын мәнісінде волонтерлік жас, кәсіп таңдамайды. Кез келген адам жасына, жынысына қарамастан қолынан келгенше арнайы уақыт бөліп қоғамға, адамға пайдалы іспен тегін айналысуды әдетке айналдыруы қажет. Мысалы, білікті музыкант айына екі рет тегін түрде өзінің білгенімен бөлісіп отырса немесе өзгеге үйретіп отырса мұның өзі волонтерлікке жатады.

Түптеп келгенде, волонтерлік іс хоббиге айналса, осы салада үлкен өзгерістердің болары анық. Сарапшылар зейнетке шыққаннан кейін айналысатын шаруасы болмайтын адамдардың тез қартайып кетуі жиі кездесетінін айтады. Осы ретте, зейнет жасына жеткеннен кейін уақытын қалай өткізуді білмейтін аға буынның да әлеуетін осындай жолмен игі істерге жұмылдыруға болады. Ағылшын тілінің мұғалімі ретінде зейнетке шыққан азаматтар бос уақытын жастарға өз білгенімен бөлісе алады. Сол сияқты өзге де қоғамға пайдалы мамандық иелерінің әлеуетін мүмкіндігінше пайдалануымыз қажет.

Капиталистік қоғамның, нарықтық экономиканың дамуымен қаржы табудың бірінші кезекке шыққанын жасыра алмаймыз. Сондықтан волонтерлік қызметтің имиджін, мәртебесін көтеру, волонтерлік қызметке жетелейтін ынталандыру тетіктерін қалыптастыру сияқты қадамдар мемлекет тарапынан ұйымдастырылуы қажет. Бұл «Волонтерлік қызмет туралы заңда» да айқын жазлған. Сондықтан волонтерлерге белгілі бір көлемде шығынын өтейтін қаражат беру тетіктерін дамытқан жөн.

Сонымен қатар, кемі екі жыл волонтерлік қызметпен айналысқан адамдар үшін жоғары оқу орнына түсер кезде, жұмысқа қабылданар сәтте жеңілдіктер қарастыру немесе жеке кәсіппен шұғылданатын тұлғалар үшін волонтерлікпен айналысқаны, әлеуметтік қолау көрсеткені үшін субсидия беру, салық мәселесінде оңтайлы шешім қабылдау, есімін ұлықтау сынды механизмдерді іске қосуға болады. Волонтерлікпен айналысқан азамат жоғары оқу орнын бітіріп, қызметке тұрғанда да сол қасиетті одан әрі өз ісінде, кәсібін атқару барысында жалғастыра беретін болады. Бұл өз кезегінде игі істің жүйелі түрдегі сабақтастығын қалыптастырады.

Осындай қадамдар арқылы да елімізде волонтерлік қызметке қызығушылықты арттыра аламыз. Біздіңше, волонтер болудың ең басты тұсы ол отандық, халықаралық шараларға қатысу, қаншама тұлғалармен танысу, тіл меңгеру, орта табу әрі өз елінің тарихты бірге жасау. Бұл адамның ой-танымының өсуіне, әрі қарайғы дамуына таптырмас мүмкіндік. Өзінің көкейде жүрген кей армандарын қалай орындарын білмей жүрген жастар волонтерлік арқылы қалаған ниетіне қадам баса алады. Табысты болудың да кілті қоғамды құраушы еркін адамдардың қолында. Қазіргі заман күн санап өзгеруде, техника мен жасанды интеллект, ІТ салаларының ілгері шыққан уағында уақыт өте құнды дүниеге айналып кетті. Волонтерлік қызмет уақытты тиімді өткізудің бір жолы. Бүгінде қазақстандық жастар өз талаптарын ашық айтып, пікірлерін еркін жеткізе алады. Бұрынғыдай алыс ауылдамын дейтіндей заман емес. Мемлекет «Жастар жылы», «Волонтер жылы» арқылы елдің ертеңі болар жалынды жастардың үніне барынша құлақ салып, олардың таңдауына жол ашуда. Қазір шетелде білім алу, тіл үйрену, өзі қалаған шығармашылық түрімен айналысу, қалаған көзқараспен өмір сүріп, қалаған кітабын оқуға еш шектеу жоқ. Еркіндікті тұсау ол адамның жан қалауларын қанағаттандыра алмайды.

Сондықтан ең басты бағыт та – еркіндікте. Осы орайда ерікті түрде волонтер атану да жастардың таңдауы, солардың ынтасы. Отанымен қоса өнген жас өркеннің халқымен арман-мүддесі бір болады. Қазір әлемге терезені ашып тастап та қарай аласыз. Ол рас. Кез келген мемлекеттің жақсы да, кемшің де тұсына куә болып, іске алғысын қажетіне жаратарсыз. Жастар кез келген нәрсеге тез бейімделгіш келеді. Бірақ олардың өз Отанына деген елжандық сезімі қай сәтте де ең аяулы болып қалуы керек қой. «Волонтер жылына» мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың басым бөлігі әртүрлі конференция, жиын, семинар-тренинг өткізуге, өзің айтқандай насихат, түсіндіру шараларына жұмсалуы қаншалықты дұрыс?

— «Волонтер жылына» жоспарланған барлық конференциялар, форум, жиындар пайдасыз дей алмаймыз. Бұл шаралар қоғамға волонтерлік қызмет туралы мәлімет берумен қатар, ой салады. Олай болса, бөлінген қаражат та ақталады деген сөз. Біз ел азаматтары арасында волонтерлік қызмет туралы дұрыс көзқарас қалыптасса дейміз. Бізде, мысалға, волонтерлерге өз қызметкеріндей қарайтын ұйым, мекемелер бар. Бұл дұрыс емес. Бұл заңды білмеуден туындап жатқан олқылық. Волонтер қоғам игілігі үшін қайтарымсыз жұмыс істейтін адам және ол бұған өз қалауымен, өз түйсігімен жетуі тиіс. Яғни, волонтерлік жұмысқа жұртты мәжбүрлеп апара алмайсыз. Бізде волонтерлік қызмет туралы арнайы заң бар, онда волонтердің құқығы, міндеті толық көрсетілген. Волонтерлік қызметке кіріскенде арнайы келісімшарт жасалуы тиіс. Егер волонтер болам деген азамат бұдан хабарсыз болса, онда бөлінген қаражат далаға кетті деген сөз.  Волонтерлік бағдарлама жастарға, студенттерге қандай мүмкіндік береді?

Волонтер жұмысы еңбек өтілі болып есептеледі.

Волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі не пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі.

Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай көмек ескерілген Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөу жоспарланған. Әкімдер жергілікті бюджеттен қосымша грант бөле алады.

Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика