• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ОНЛАЙН-КЕҢЕС АЛУ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ

Автор:admin

Ноя 30, 2022
Spread the love

Биыл шаһарда азаматтығы жоқ және басқа топтарға жататын 596 тұлға алғаш рет емханаға тіркелді. Сондай-ақ, пациенттер үшін қашықтан медициналық көмек көрсету қызметі жанданады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында емханаға тіркелу науқанының қорытындысын жариялаған брифингте айтылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Раймбекұлы емхананы еркін таңдау барысында Шымкентте 1 170 048 тұлға 59 емханаға тіркелгенін атап өтті.
– Статистикалық мәліметтер тіркеу науқанына қала тұрғындарының жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 4 570 шетелдік пен 412 қандасымыз «Емханаңды таңда» акциясы аясында медициналық ұйымдарға тіркелген. Ал, биыл бұл жеңілдікті 128 шетелдік пен 18 қандасымыз пайдаланған. Науқан аясында азаматтығы жоқ және басқа топтарға жататын 596 тұлға алғаш рет емханаға тіркелді. Ал еркін таңдау құқығын пайдаланбаған тұлғалар бұрын қызмет көрсетілген ұйымына бекітілген болып қалады, – деп атап өтті Сәбит Құралбек. Акция аясында емханасын таңдаған пациенттер медициналық қызметті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.
Бұдан бөлек, енді қала және ауыл тұрғындарына медициналық қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік жасалады. Арнайы профилді дәрігерлер, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандары пациенттің медициналық мекемеге келмей онлайн режимде консультация алуына жағдай жасалады.
–Медициналық қызметтерді қашықтан алуға қатысты сұрақтар болса, пациент учаскелік дәрігеріне немесе өз емханасындағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады, -деді жауапты басшы.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1- қаңтардан бастап қолданылады. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 еседен астамға өсті: 2019 жылғы 1 трлн теңгеден 2021 жылы 2,2 трлн теңгеге дейін. 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарланған. МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:
-әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;
-ортақ жауапкершілік-халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
-медициналық көмекке тең қолжетімділік-әрбір сақтандырылған тұлға төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлеміне құқығы бар;
-ақша пациенттің артынан жүреді — пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, егер ол ұйым Қордың өнім берушісі болса ғана;
-пациенттің құқықтарын қорғау-Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика