• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Автор:admin

Сен 23, 2022
Spread the love

Шымкенттік оқушылар түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасады. «Болашаққа қадам» жобасы озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге бағытталған ашық алаңға айналды. Осыған орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» жобасы аясында қаламыздағы бірнеше мектептің бітіруші сыныптағы оқушылары белгіленген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасады. Ондағы негізгі мақсат — оқушыларға мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өмір екендігін түсіндіру. Мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау. Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты күшейту болатын.
Мектеп оқушылары «Әлем» БТ, «Назар» текстил, «SAGITEX» көпсалалы тігін фабрикаларында болды. Экскурсия кезінде кәсіпорындардың жұмыс барысымен, ондағы мамандармен жақынырақ танысып қайтты. Алдағы уақыттарда да жастар орталығы жоба аясында оқушылармен мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруді жалғастыра бермек. Өйткені, болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Айта кетейік, биыл Шымкентте 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер.
Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика