• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«БАЛ ТЕКСТИЛЬ» КӘСІПОРНЫНДА 2,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 21, 2022
Spread the love

Биылғы қараша айында іске қосылатын IV жоба жүзеге асырылса, қосымша 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда кілем фабрикасында 230 жұмыс орны бар. 2022 жылдың басындағы мәлімет бойынша, жобаға құйылған инвестицияның жалпы құны 11,25 млрд теңгені құрайды.
Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан фабрика Қазақстандағы ірі кілем және кілем өнімдерінің өндіріс орны саналады. Кәсіпорын 2013 жылдың қазан айында іске қосылған. Ал 2015 жылы компанияда синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша II жоба іске қосылды. Қазіргі таңда өндіріс орнының қуаттылығы жылына 7 млн шаршы метр кілем бұйымдарын және 4 мың тонна синтетикалық иірілген жіпті құрайды.
Компанияның өнімдері ел ішінде де, шетелде де, атап айтқанда Ресейде, Қырғызстанда және Тәжікстанда сұранысқа ие. Өндірістік қуатты ұлғайту мақсатында компания 2019 жылы кілем бұйымдарын өндіру жөніндегі III жобаны іске қосты, бұл өз кезегінде кілем өндірісінің көлемін жылына қосымша 2 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.
Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда. «Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Ал бір жыл бұрын Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2020 жылы Бал текстиль кілем зауыты жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт ашылған болатын. Кілемшелер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір жуатын машинада жууға болады. Зауыт Түркиядан әкелінген технологиямен жабдықталған. 120 млн теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы жылына 400 мың шаршы метр кілемше. Мекеме 14 адамды жұмыспен қамтыған болса, өнімі ішкі нарықта саудаланумен бірге, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика