Ана мен әке балаларына үлкен арман, мақсат қоюды үйреткені жөн. Бұл ата-ананың парызы. Қазақстан дамып кеткен мемлекеттерден жиырма жылға қалып қалған. Сондықтан балалар шетелдегі дүинелерге еліктеп тұрады. Ал еліктеу арқылы біз қазақи құндылығымызды жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазақ бойындағы той жасау, қонақ күту сынды дүниелерді қазақ шашылу үшін емес бата алу үшін жасайды. Халықтың ниетін, тілегін алып, ел-жұртым дастарханымнан ауыз-тиіп кетсін деген ниетте болады. Бұл жақсылығымен бөлісу деген сөз. Біз секілді шашылып, той жасау қазақтан басқа еш жерде жоқ. Біздің қазақ баладан ешнәрсе аямайды. Осындай тәрбиені көріп өскен бала, алпауыт, дамыған елдердің ағымына негізделеді. Әрине, біз көштен қалмай балаларымызға заман ағымына сай тәрбие беруіміз қажет. Дегенмен ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмаған жөн. Әлем жаңалығы мен қазақы салт-дәстүрдің түбін ұштастыратын азамат болса, олардың қоғамға пайдасы келеді. Біздің балаларды тәрбиелеудегі мақсатымыз өз-өздерін тауып, қу бастарын ойлайтын емес, қоғамға пайдасы тиетін азаматты қалыптастырсақ, онда біз ата-ана ретінде парызымызды орындадық деген сөз.
Қоғамға пайда келтіру деген отбасыңды ұмытып, бар күшіңді тек қоғам игілі үшін жұмасасаң, онда бұл — үлкен қателік. Себебі, өз отбасын бақытты ете алмайтын адам, қоғамға да пайдасын келтіре алмайды. Ал қоғамға пайда келтіру үшін ең алдымен отбасыңа бақыт сыйлауың қажет. Қоғамның өзі шағын мемлекет — отбасыдан құралады. Ал отбасына бақыт сыйлаған адам, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Отбасында бақытқа кенелген адам, көршісіне, жұмысында әріптесіне жақсы энергия бере алады. Егер әйел не еркек жұмысында бастық болып, бірақ отбасы бығып, береке болмаса ол басқаларға қалай бақыт сыйлайды? Мұндай адамдар, қоғамға пайдасын емес зиянын әкеліп, қу басын күнектеп кеткен адамдар. тәрбие деген үздіксіз, тоқтаусыз жүретін процесс. Сол себепті менің балам өсті, сабағын оқып жүр деп қол қусырып қоятын болсақ, онда нәтижесі де нашар болады. Сондықтан тәрбие де тоқтамай үздіксіз беріліп отыратын дүине. Мысалы, су жан-жағындағы шөпке, тіршілік иелеріне пайдасын тигізіп жатыр, сол сияқты адамның тәрбиесі де, болмысы да, алған білімі де тура сол секілді пайдасын тигізіп, сол арқылы қоғамға шуағын шашып тұруы шарт. Балаңа үйіп-төгіп байлық бергенше, таусылмайтын білім мен тәрбие бер. Мұның пайдасы көп. Дүние алып беретін болсаң, адам өзі маңдай терімен алмаған байлықтың қадірін білмейді. Қазақта «атаңның малы балаға мал болмайды» деген жақсы мақал бар ғой. Менің мақсатым балаларыма дүркіретіп кәсіп ашып беріп, бір жерде «мен» деп отырғызу емес, менің мақсатым оның білімі соған жететіндей, не ашса да, қандай жұмыс істесе де төменнен бастап еңбек етіп, барлығының қадірін біліп, түсініп барса деймін. Сол кезде балаңнан пайда болады. Сондықтан, біз осы қағиданы үйренуміз керек.
R-ақпарат