• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады.

Автор:admin

Сен 22, 2022
Spread the love

Отбасында баланың рөлі әрқашан ерекше болған. Сол себепті ата-анасы балаға ерекше назар аударып, оған жақсы тәрбие беру ісінде аянып қалмаған.  Баланың дамуы оның бет алысы, болашағы отбасымен тығыз байланысты. Отбасының дұрыс тәрбиесі келер ұрпақтың саналы тәрбиелі отбасын құруға азық болатындағы баршамызға мәлім. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы — ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.

Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика