Балаларға арналған «Ақылдыммен ақылдымын» облыстық байқауын ашу рәсімінде «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі, «Қызмет» газетінің және республикалық «Ақылдым» балалар журналының директоры Бейсенкүл Жақсыбекқызы мен Түркістан облыстық «Фараб» әмбап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Шараның ашылуында АКА балалар шығармашылық орталығының талантты өнерпаздары балаларға арналған күй орындап, мерекелік атмосфераға ерекше сән берді. Қатысушылар мен көрермендерге осындай әсерлі өнер көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.
Байқау үш кезеңнен тұрды, оның ішінде І және ІІІ кезеңдер кітапхананың үлкен сахнасында өтті:
• І кезең: «Мен қандай адам боламын» тақырыбында шығармалар жазу. Бұл кезеңде балалар өз ойларын, болашаққа деген армандары мен жеке қасиеттерін сөзбен білдіріп, ой жүйріктігін көрсетті.
• ІІІ кезең: Балалар әдебиетінен немесе республикалық «Ақылдым» журналынан оқыған шығармаларын сахналау. Бұл кезеңде қатысушылар сахна мәдениетін, сөзді дұрыс жеткізу мен көркем орындау қабілеттерін паш етті, көрермендер мен қазылар алқасының назарын өздеріне аударды.
Қатысушылар І және ІІІ кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете отырып, сахна мәдениеті мен көркем сөйлеу дағдыларын дамытты. Бұл кезеңдер жас ұрпақтың талантын ашуға, ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар номинациялар мен жүлделерге ие болды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
1. «Ойы жүйрік зияткер» – Жүзімбеков Ақсұлтан, Арыс ауданы, Майлықожа ақын атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы – 20 000 теңге
2. «Ақылдыммен ақылды» – Әбілқас Айсауле, Қазығұрт ауданы, Абай жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы – 20 000 теңге
3. «Бердібек Соқпақбаев» – Оразбай Ұлжан, Келес ауданы, №39 Лесбек Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы – 20 000 теңге
4. «Сапарғали Бегалин» – Мырзатай Каусар, Сайрам ауданы, Ә.Құрмантаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы – 20 000 теңге
5. «Ыбырай Алтынсарин» – Тынысбек Нұрай, Түлкібас ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы – 20 000 теңге
6. «Әділ-қазылар алқасының көзайымы» – Беглан Інжу, Төлеби ауданы, Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы – 20 000 теңге
Жүлделі орындар:
3 орын:
• Омар Әлинұр, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырманы, №5 Ғани Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы – 50 000 теңге
• Кәменова Нұрлы, Отырар ауданы, Рахманқұл Бердібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы – 50 000 теңге
2 орын:
• Маулен Марлен, Созақ ауданы, Қарақұр жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы – 70 000 теңге
• Әбдіразақ Мейірім, Түркістан қаласы, “Winner kids” спорт және өнер мектебінің 4 сынып оқушысы – 70 000 теңге
1 орын:
• Абдрахман Досым, Сарыағаш ауданы, №74 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы – 100 000 теңге
Бас жүлде:
• Бидалы Назым, Бәйдібек ауданы, Есіркеп батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы – 150 000 теңге
Барлық аудандардан келген қатысушылар өз шығармашылықтары мен белсенділіктері үшін ынталандыру жүлделеріне ие болды, бұл жас таланттарды қолдауға және олардың қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды сәт болды.
Шара барысында тек қатысушылардың ғана емес, кітапхана қызметкерлерінің де еңбегі жоғары бағаланды. Кітапхана фойесіндегі көрмелер мен инсталляциялар ерекше қызығушылық тудырды.
Республикалық «Ақылдым» балалар журналының директоры Бейсенкүл Нарымбетова атынан арнайы жүлделер берілді:
• «Үздік көрме» – Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі – 30 000 теңге
• «Үздік көрме» – Шардара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі – 40 000 теңге
Сонымен қатар, «Үздік көрме» номинациясының Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үшін 30 000 теңге сыйақысын Фараб кітапханасы атынан Жанат Сәдібекқызы табыс етті.
«Ақылдыммен ақылдымын» облыстық балалар байқауы жас ұрпақтың кітапқа, оқуға және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани және интеллектуалды дамуына бағытталған маңызды рухани-танымдық алаң болып табылады.
