Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал» базарында өтті.
Түсіндірме жұмыстары барысында:
— Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары;
— «Жастар практикасы»;
— «Алғашқы бос жұмыс орны»;
— «Жастар ресурстық орталығының» жұмысы мен бөлімшелері, психологиялық кеңес туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттандыру парақшалары таратылды.
Қазір қаламызда 240 мыңнан астам жас бар. Жастар саясатын кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін «Smart student» секілді ауқымда жобалар іске асырылып жатыр. Мұндай жобалар жастар үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Жастар табанды еңбек етіп, қаламызды гүлдендіруге, «Әділетті Қазақстанды» құруға белсене атсалысатын болса, еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Сіздердің студенттік шақтарыңыз Қазақстанның тарихи кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен елде ауқымды реформалар қолға алынып, халқымыз ашық, әрі әділетті қоғам құру идеясы төңірегінде топтасуда. Елдің жаңғыруы сіздерге тамаша мүмкіндік ұсынумен бірге, зор жауапкершілік жүктейді.
Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады.
Алдыңғы жылы Шымкентте дағдарыс орталықтарынан «Психологиялық салон» ашылған еді. Салондағы психологтар отбасындағы зорлық-зомбылық, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартуға, ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілікті жоюға көмектеседі. Тұрмыстық түйткілдердің түйінін тарқатуға тырысқандар көкейдегі көп сұраққа психологиялық салоннан жауап табуда.
Осы жобаның авторы – Қазақстан Кәсіби психологтар лигасының мүшесі, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Лимана Қойшиева.
Жалпы отбасында кездесетін зорлық-зомбылықтың 4 түрі бар:
— Физикалық (ұру, соғу, күш көрсету);
— Сексуалдық (еріксіз жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу);
— Моральдық (психологиялық қысым көрсету, намысқа тию, балағаттау);
— Материалдық (қаржылық қысым көрсету, банк картасын алып қою, несие алдыру, мүлкін иемдену).
Қазір Шымкент қаласында 248 178 жас бар. Бұл мегаполис халқының 20,7 пайызын құрайды. Жастарға ақпараттық қолдау мен бағыт-бағдар беруде Жастар ресурстық орталығының алар орны айрықша. Қаладан шалғайда орналасқан елді мекендердегі жастарды орталыққа жұмылдыру мақсатында 2021 жылы Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен 4 ауданда Жастар орталығының филиалы ашылды. Осы орталықтар күніне 800-ге жуық жасқа қызмет көрсетеді.