• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ана мен баланың Қазақстандағы құқықтары!

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Көп балалы аналар

Отбасы саясатын нығайту және сақтап қалу, көп балалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау шарасы ретінде көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға
6,4 АЕК немесе 2018 жылы 15 392 теңге төленеді.
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасыларға ғана төленеді):
4,16 АЕК немесе 2018 жылы 10 005 теңге.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіп бойынша төленеді. Яғни атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктірілген.  Айта кетсек, үш жәрдемақының жалпы сомасы тұрмысы төмен отбасылардың әр мүшесіне ай сайын 6396 теңгені құрайтын. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 10 процентке көтерілуіне байланысты әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы 2500 теңгеге артады.  Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді. Яғни тұрмысы төмен отбасылар бұл көмекті алу үшін мемлекет қойып отырған шарттарды орындауы тиіс.  Шартты ақшалай көмек – отбасында кем дегенде еңбекке жарамды бір мүшесі бар отбасылар үшін. Отбасы әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде ғана беріледі. Яғни мемлекет еңбеккке қабілетті азаматты жұмысқа орналастырып, кәсібін ашқысы келетіндерге микрокредит береді. Егер азамат әлеуметтік келісімшартқа отырудан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту шараларына қатысуды өз еркімен тоқтатса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылады.  Ал шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті азаматтары жоқ немесе орынды себептермен жұмысқа шыға алмайтын отбасыларға беріледі. Мәселен, отбасында 7 жасқа дейінгі баланы қарайтын немесе мүгедек баланы бағып отырған,  немесе мүгедек жанды күтіп отырғандар, әрине, жұмысқа шыға алмайды. Осындай отбасыларға шартсыз көмек көрсетіледі. Көп балалы жалғызбасты аналарға да шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика