─ Біріншіден ана сүті баланы мейірімді болуға тәрбиелейді.Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі — сүті. Ана сүті өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуалды және эмоционалды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала көп жағдайда аурушаң болып өседі.
Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жайында: «Оның сүт анасы жаннатта. Қалған сүтін сонда еміп, екі жылын тәмамдайды» — деп, сәби үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген.
Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиет дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті туылғанына жарты сағат өтпей жатып, оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүтінің құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл оның ғажайыптылығы,қазақтың әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы. Мамандардың айтуынша сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кезеседі. Мысалы сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті «А», «Е», «Д» дәрумендері көп.
─ Ендеше, емізудің ана мен балаға пайдасы қандай?
─ Психологтердің айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал сүт қоспаларымен қоректендіруде мұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламаен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пйдасы зор. Психолог маман ретінде айтар болсам шыныменде анасын екі жасқа дейін емеген бала, көп ауыра бермейтін мейірімді бала болып өседі.
R-ақпарат