• Пт. Фев 27th, 2026
Популярные метки

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ» АТТЫ ІСШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Фев 27, 2026
Сауран ауданында 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айту — парызым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Асқар Дайрабаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды. Ол «Алғыс айту» күні — түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне және қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтатын ерекше мереке екенін атап өтті.
Аудандық маслихат депутаты Хуршид Шарапов, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев сөз алып, ел бірлігінің басты құндылық екенін жеткізді. Олар Қазақстан халқының ынтымағы мен достығы — мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтып, барша жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.
Іс-шарада аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанбай Рысбеков, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бекжігіт Манашев, ауданның бас имамы Еркін Тұрғынов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Баян Қияқова және өзге де ардагерлер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «Алғыс айту» күнімен құттықтады.
Мерекелік кеш аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, сахналық қойылымдар ұсынылды. Көрермендер көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *