• Вс. Сен 14th, 2025
Популярные метки

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: ГАЗ ҚОСУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июл 17, 2025

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің халықпен өткізген көшпелі кездесуінде Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары газ мәселесі бойынша өз алаңдаушылықтарын білдірген еді. Көптеген тұрғындар әлі күнге дейін үйлерін табиғи газ жүйесіне қоса алмай отырғанын жеткізді. Бұл шағымдарға дереу назар аударған қала басшысы жауапты басқарма мамандарына және аудан әкімдігіне нақты зерттеу жүргізіп, мәселені шешуді тапсырды.

Жүргізілген зерделеу нәтижесінде Қайнарбұлақ саяжайындағы тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік бар екені анықталды. Қазіргі таңда мұнда магистралды газ құбыры желісі толығымен жүргізіліп, жұмыс аяқталды. Осылайша, тұрғындар үшін үй ішілік газ жүйесіне қосылу мүмкіндігі ашылды. Қазірдің өзінде 2300-ден астам абонент табиғи газға қосылып үлгерді.

Алайда, тұрғын үйлердің бір бөлігі «қызыл сызық» шегінде орналасуына байланысты техникалық паспорт рәсімдеуде қиындықтар туындағандықтан, бұл мәселе де қараусыз қалмай отыр. Абай ауданы әкімінің аппараты арнайы қолдау көрсетіп, техникалық паспорты жоқ үйлерге 7-нысанды анықтама (форма-7) беріп жатыр. Бұл құжат газға қосылу рәсімін заңды түрде жүргізуге құқық береді және тұрғындарға қосылуды жеңілдетеді.

Осылайша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қайнарбұлақ тұрғындарына табиғи газға қосылуға барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, газ жүйесіне қосылуды жылдамдату үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылуда.

Газға қосылу – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және отынға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала билігі тұрғындардың сұранысын тыңдап, олардың өмір сапасын жақсарту жолындағы міндеттерді жүйелі түрде орындауда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *