Адам саудасының негізгі түрі ретінде мәжбүрлі адам еңбегі танылады.
Мәжбүрлі еңбек дегеніміз – қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмыс немесе қызмет болып табылады.
Мәжбүрлі еңбек арқылы адам саудасының көптеген түрлері туындайды.
Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады.
Адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру (құлдыққа салу) деректерін анықтау, жолын кесу бағытында облыс көлемінде тіркелген 3 мың 671 шаруа қожалықтарының 2 мың 876 тексерумен қамтылған. Шаруа қожалықтарында заңсыз адамның құқықтарымен бостандықтары тапталу немесе олардың құқықтары шектелу деректері орын алмаған.
Мәжбүрлі еңбек пен адам саудасының құрбаны болмау үшін не істеу керек? Біріншіден миграция қызметіне тіркелу, кез-келген қызметті жасамас бұрын келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, еңбек шартын жасасу, бөтен тұлғаларға ешқашан жеке куәлік пен өзге де жеке құжаттарды бермеу өте маңызды болып саналады. — Адам құқығы – адамзат қоғамындағы ең қастерлі қазына, баға жетпес құндылық. Арнайы баяндамада адам саудасы құрбандарының құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес қорғаудың нақты жолдары, ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдірудің тетіктері көрсетіліп отыр. Жыл сайын әлемде жүз мыңдаған адам заманауи құлдық, адам саудасы құрбанына айналады. Олардың қатарында ерлер де, әйелдер де, тіпті балалар да бар. БҰҰ коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс орындары жабылып, табыс көзі азайып, жұмыссыздар саны өсуі салдарынан адам саудасының құрбандары көбейетінін болжайды Жыл сайын әлемде жүз мыңдаған адам заманауи құлдық, адам саудасы құрбанына айналады. Олардың қатарында ерлер де, әйелдер де, тіпті балалар да бар. БҰҰ коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс орындары жабылып, табыс көзі азайып, жұмыссыздар саны өсуі салдарынан адам саудасының құрбандары көбейетінін болжайды
Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн. Сондықтан кез-келген азамат мәжбүрлі еңбектің құрбаны болмау үшін қандай да бір қызмет жасамас бұрын жоғарыда аталған мән-жайларды ескерген жөн.
R-ақпарат