• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Адам саудасы құрбандарының құқығы қалай қорғалады?

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

– Жалпы, қылмыстық практикада қолданылатын тергеуді ашу және жүргізу әдістемесі қылмыстардың осы санатына сәйкес келмейді. Қылмыс құрбандарының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Әдетте, оларда жеке тұлға мен психикалық қабылдаудың сипаты сәл өзгеше. Оларға ерекше көзқарас қажет. Айғақ беруге келіскен адам саудасының құрбандарына арнайы қорғау шаралары қамтамасыз етілуі тиіс. Қылмыстық процесс шеңберінде адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде прокурорлар негізгі рөл атқарады.

Прокурорларға адам саудасына қарсы іс-қимылдың барлық, яғни құрбандарды анықтау, тергеу, қорғау, оңалту салаларындағы уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру міндеті жүктелген. Қажет болған жағдайда нақты тексеру іс-шараларын жүргізу, адам саудасының алдын алу бойынша уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бағдарламалық құжаттардың орындалуын зерделеуде прокурорлардың рөлі зор. Адам саудасы аса ауыр қылмыстарға жатады және 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қазақстанның Қылмыстық кодексі адам саудасына байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың 8 құрамын белгілейді. Мемлекет басшысы адам саудасына қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған. Нәтижесінде, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Парламент Мәжілісі осы бағыттардағы заңнамаларға маңызды түзетулерді қабылдаған. Әлемдік қоғамдастықпен бірлесе отырып, Қазақстан қазіргі әлемдегі құл саудасының жаңа әдіс-тәсілдеріне қарсы тұру үшін қажетті барлық шараларды қабылдады. Соның нәтижесінде, елімізде соңғы бес жылда мұндай қылмыстардың статистикасы 43%-ға төмендеген. Алайда бұл қатып қалған көрсеткіш емес. Бұл тіркелгені ғана. Себебі ресми ақпарат шынымен де адам саудасына қанша адамның душар болғанын көрсетпейді. Өйткені адам саудасы өте жасырын. Бұлай болуына құлдыққа тап болғандардың басындағы жағдайды айтқысы келмеуі себеп. Құрбандар, әсіресе жыныстық қанаушылықта, психологиялық және физикалық қысымда болғандар ұзақ талқылауларға қатысқысы келмейді және басынан өткенді жария етуден қорқады.

Прокурорлардың күш-жігері құзыретті мемлекеттік органдардың одан әрі жұмысын жетілдіруге қосымша серпін береді.

– Адам саудасымен күресу жөніндегі заңнама жаңара ма?

– АҚШ мемлекеттік департаментінің 2020 жылғы адам саудасы мәселесін бағалауы бойынша Қазақстан «бақылаудағы елдер» қатарынан шығарылып, екінші санатқа көшірілді. Бұл – Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету жағдайы жақсарды деген сөз.

Осы көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында Қазақстанға заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды. Бас прокуратураның бастамасымен «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заңды әзірлеу және қабылдау процесі қайта басталды. Мұндай заңды қабылдаудың адам саудасымен күресуде тиімділігі жоғары.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика