Адам саудасы қазіргі кезде теріс қоғамдық құбылыс болып табылады. Бұл құбылысты алғаш рет ХХ-ғасырдың басында құқық қорғаушылар көтерді. Сол кезде Еуропа мемлекеттерінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етілген Ұлыбританиядан шықкан әйелдерге ерекше көңіл аударылған болатын. Сол кезде « ақ құлдық» термині пайда болды да, ол «адам саудасы» терминіне аусты. Озінің мәні жағынан «адам трафигі» («адам саудасы») ұғымы құл саудасы түсінігіне жақынырақ келеді. Қазіргі таңда «адам трафигі», яғни, «адам саудасы» ұғымының біздіңше әлдеқайда толық анықтамасы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресу жөніндегі Конвенциясын толықтыратын «Адам, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу жөніндегі» хаттамада былай түжырымдалған: «Адам саудасы адамды пайдалану мақсатында мыналарды жүзеге асыру болып табылады: басқа жаққа асырып жібіру, алып кету, біреуге беру, жасыру немесе күшпен қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа формаларын қолдану жолымен адамдарды алып кету, ұрлап кету, алаяқтық жасау, алдап — арбау, биілікті немесе қызмет орнына байланысты тәуелділікті асыра пайдалану, екінші адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлем немесе пайда табу түрінде сатып алу жолымен». Адам трафигі, яғни адам саудасы көптен бері және қазіргі кезге дейін әлемнің көптеген елдерінің бірігіп күресетін мәселелерінің қатарында түр. Тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндігін қоргауға байланысты 1948 ж. қабылданған адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясы, адам құқытарымен негізгі еркінділіктерін қорғау жөніндегі 1950 ж. Еуропа Конвенциясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 ж. халықаралық пактылар осының айғағы. Қазақстанда адам құқытары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін және адам саудасымен кұресетін ең негізгі құралы 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы екендігі оның 1-бабында былай түжырымдалған: «Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары». Сарапшылардың мәліметтері бойынша соңғы 10 жыл ішінде Қазақстаннан шамамен 5000 әйел шетелге сатылған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 1999 жылғы мәліметтері бойынша Грециядан – 25, Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) – 21, Туркиядан – 16, Израйлден – 3 әйел елге қайтарылды. Құқық қорғау органдары қаңтар мен қазан айларының аралығында 300-дей адам тауарының контрабандасын тіркеген. Контрабандашылардың негізгі қолға түсетін олжалары 30 жасқа дейін қыздар. Шынайы статистикалық мәліметтер болмағандықтан Республикадағы шынайы жағдайдың қандай екендігін айту қиың. Бүл бізде адам саудасы жөніндегі жұмыстың іс жүзінде әлі де болса дұрыс жолға қойылмағандығын көрсетеді. Адамды саудалауды криминалдаудың (берілген қылмыстың ерекшкліктерін және оны болдырмаудың әдістерін анықтаудың) әлеуметтік-құқықтық және тарих алғы шарттары деп адам саудалаудың қылмыстық ерекшіліктері мен оны болдырмаудың әдістерін құқықтық негіхдегі қоғамдық қатынастар және осы қатынастардың тарихи даму кезеңдеріне сүйеніп ой қорытудың бастапқы пунктін айтамыз. Адамды саудалауды криманалдау процессінің құрылымы өте күрделі. Сондықтан оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан талдауға болады. Біз аталған процессті оған қатысушы барлық адамдардың құқықтық негіздегі қарым-қатынасы тұрғысынан талдаймыз да, оны әлеуметтік-құқықтық талдау деп атаймыз. әрі берілген талдауды нақты тарихи кезеңдер бойынша қарастырамыз. Нәтижесінде адамды саудалауды криминалдаудың әлеуметтік-құқықтық және тарихи алғышарттарын анықтаймыз.
R-ақпарат