• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС(6)

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

2017 жылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ҮЕҰ қарамағындағы төрт баспанадан басқа, үкімет Алматы, Теміртау, Петропавл, Орал, Ақтөбе, Қызылорда және Талдықорған сияқты жеті қалада адам саудасының құрбандары үшін баспана ашты. ҮЕҰ қарамағындағы он бір баспана адам саудасынан зардап шеккен барлық қазақстандықтарға жынысы мен жасына қарамастан құқықтық, психологиялық және медициналық көмек көрсетеді. Жәбірленушінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы баспана қызметтерін алудың міндетті шарты болып табылмайды. Зардап шеккен шетелдік азаматтардың осы баспаналарда қызмет алуға құқықтары
болмаған. 2017 жылы зардап шеккендерге тікелей көмек көрсету үшін үкімет тарапынан 162,7 млн. теңге (491 080 АҚШ доллары), оның ішінде баспанада көмек көрсету үшін 159 млн. теңге (479 910 АҚШ доллары) және тергеубарысында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 3,7 млн. теңге (11 170 АҚШ доллары) бөлініп, қаржы көлемі 2016 жылы үкімет тарапынан бөлінген 25,97 млн. теңгемен (78 390 АҚШ доллары) салыстырғанда өсіп отыр. Баспаналардың ашылуы және олардың штаттарын қалыптастыру, 2016 жылы
енгізілген адам саудасының құрбандарына арналған баспаналарға қолданылатын арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну стандартына сәйкес жүзеге асырылды. 2017 жылы адам саудасының құрбандарына, соның ішінде шетелдіктерге қылмыстық іс бойынша іліспелі қылмыстық азаматтық талап қою шартынсыз ақшалай өтемақы талап етуге мүмкіндік беретін заң қабылданды. Заң 2020 жылы күшіне енеді.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқықбұзушылық тіркелген.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 37,2 пайызға аз.
Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай.
Ал бір жыл бұрын мұндай 75 құқықбұзушылық тіркелген еді.
Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды.
Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқықбұзушылықтар Шымкентте жиі тіркелді: 17 жағдай.
Қалада өткен жылмен салыстырғанда мұндай құқықбұзушылық 2,1 есе көбейген.
Екінші және үшінші орында Астана (13 құқықбұзушылық, бір жылда 18,2 пайыз) және Алматы (12 құқықбұзушылық, минус 40 пайыз) болды.
Сонымен қатар алғашқы бестікке Қостанай (7 құқықбұзушылық, 40 пайыз) және Қарағанды (5 құқықбұзушылық, минус 28,6 пайыз) облыстары да кірді.
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика