• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС(1)

Автор:admin

Дек 5, 2022
Spread the love

Қазақстан Үкіметі адам саудасын жою үшін ең төменгі стандарттарды толығымен сақтамай отыр, бірақ бұл бағытта елеулі қадамдар жасауда. Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда адам саудасына қарсы күрестің күшеюі байқалады, сондықтан Қазақстан 2-Категорияда қалып отыр. Үкімет, адам саудасы құрбандарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтіп, адам саудасының құрбандарына айналған қазақстандықтарға жеті жаңа баспананы ашып, баспана үшін қаржыландыруды ұлғайтты және адам саудасының құрбандарына айналған қазақстандықтарға көмек көрсетіп, адам саудасы туралы халықты хабардар ету іс-шараларын жүзеге асырды. Алайда, билік
органдары тарапынан бірнеше негізгі салаларда ең төменгі стандарттар сақталмады. Адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктерді анықтау және қорғау бойынша әлі де жеткіліксіз шаралар бар. Адам саудасының құрбандары болған шетелдіктер қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттеріне қатысқан жағдайда ғана толық қолдау алады; процедуралық ісәрекеттерге қатыспауды қалағандар қызметті алу құқығына ие болмай, елден депортациялаудан басқа, заң саласында ешқандай нұсқаны таңдай алмай
келеді. ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар), «полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатысы бар» деген күдік туралы хабарлауды жалғастыруда. Дегенмен, екі полиция қызметкері адам саудасына қатысқандары үшін сотталғанымен, жалпы алғанда, адам саудасына қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлеріне немесе басқа мемлекеттік қызметшілерге қатысты тергеу немесе істер аз болған. Заңнамада «тараптарды татуластыру» көзделген, бұл болашақ адам саудагерлеріне қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін жәбірленушілерге өтемақы төлеуге мүмкіндік береді.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет алты ай ішінде көрсетіледі. Орташа алғанда бір адамға есептелген сома күніне 5000 теңгені құрайды (6 айға – 900 мың теңге).
Сонымен қатар адам саудасына қарсы күрес туралы заң осал азаматтарды әлеуметтік-экономикалық қорғаудың жалпы ережелерінен және тұтастай алғанда әлеуметтік саясаттан ерекшелікке айналуы тиіс екенін ескерген жөн, өйткені адам саудасына қарсы күреске, қоғамда құлдық көзқарас пен адамның жеке басын құрметтемеу элементтері бар қылмыстарға мүлдем төзбеушілікті қалыптасып бара жатқандығына ерекше назар аудару қажет.
Адам саудасы белгілерінің бірі — еңбек заңнамасын бұзу. Яғни, уақытында әлеуметтік көмек көрсетпеу. Іс жүзінде мемлекетке «көрінбейтін» адамдар құрбан болып отыр. Бізде қылмыстық заңнамада адам саудасына қатысты қатаң әділ жаза қарастырылған. Бірақ кешенді түрде көмек көрсету жоқ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика