• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Адам саудасымен күресуде прокуратура органдарының рөлі қандай?

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

– Бұл жағдайды шешуде прокуратураның үйлестіруші және қадағалаушы орган ретіндегі рөлі зор. Қазір Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы ескере отырып, заңнамаға түзетулер мен толықтырулар енгізу жоспары пысықталу үстінде. Қазақстан  Жоғарғы сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №7 «Адам саудасы үшін жауапкершілікті белгілейтін заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер енгізілмек.

Осы мақсатта Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері арасынан топ құрылды. Олар прокуратура органдары қызметінің осы саладағы негізгі бағыттарын іске асыруды көздейді. Жұмыс тобы адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру жөніндегі нұсқаулықты, авиация саласындағы адам саудасына қарсы күресте бірыңғай іс-қимылды жетілдіру, сотқа дейінгі және сот практикасын зерделеу, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін әзірлейді. Мысалы, адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық құқықтық актілерді қолдану туралы әдістемелік ұсынымдар дайындалды.

Биыл қаңтарда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Мәжбүрлі қайыршылық: Орталық Азия елдерінде адам саудасының бір түрі ретінде» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Нәтижесінде, мемлекеттік органдарға қайыршылыққа мәжбүрлеп тартуды жою мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді.

– Адам саудасымен күресте цифрлық технологияның көмегі қаншалықты тиімді?

– Бас прокуратураның бастамасымен «Кибер қадағалау» ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны барлық мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар пайдаланады. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап интернет желісінде адам саудасының белгілері байқалған сайттарды бұғаттау мүмкіндігі бар. Бұрын заңсыз сайттарды бұғаттау процесіне 2,5 айға жуық уақыт кететін. Қазір бұл жұмысты бір-ақ күнде бітіруге болады. Бұл жүйе күмәнді сайттарды, әсіресе адам саудасына байланысты интернет ресурстарын дер кезінде анықтауға және оны бұғаттауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы 6 сайт бұғатталған.

2015 жылдан бері биылға дейін 601 азаматтың адам саудасының құрбаны болғаны анықталды.

2015 жылдан бастап Катар, Индонезия, Бахрейн, БАӘ, Түркия және Оңтүстік Кореяға адамдарды алдап жіберудің 8 арнасы жойылды.

2018 жылы Қазақстанның 7 азаматшасын Оңтүстік Кореяға сексуалдық құлдыққа әкетуді ұйымдастырған қылмыстық топтың 3 қатысушысы ұсталды. Олардың біреуі – Оңтүстік Корея, ал екеуі – Қазақстан азаматы. Былтыр Бахрейнде Қазақстан азаматтарын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген трансұлттық арнаның жолы кесілді. Нәтижесінде, трансұлттық қылмыстық топтың 25 қатысушысы ұсталды. Адам саудасына қарсы операция сәтті өтіп, Бахрейндегі жыныстық құлдықтан 38 әйел босатылды.

Қазақстаннан адам саудасы құрбандарын «экспорттау» мәселесі әрқашан өзекті. Былтыр 26 193 тұлға шетелге тұрақты тұруға рұқсат алған, 2 617 738 азамат түрлі негіздер бойынша (емделу, жұмыс, оқу, қажылық және т.б.) кеткен. Ал адамдардың барлығы бірдей шетелде адам саудасының қаншалықты қауіпті екенін ескермейді. Олар қылмыскерлердің жымысқы әрекетін іске асыру үшін қандай айла-шарғыларды қолданатынын білмейді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика