• Чт. Окт 16th, 2025
Популярные метки

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 15, 2025
✔️«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп, өңірлерде ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізуде. Осы шара аясында бүгін Сауран ауданының Шорнақ ауылында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жергілікті тұрғындармен, жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті.
✔️Кездесуге Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, аудан прокуратурасының аға прокуроры Нұрлыбек Темірбаев, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің өкілі Нұрсұлтан Сәрсенов қатысты.
✔️Жиын барысында қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері туралы ақпарат берілді.
✔️Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Марат Қалеке жүргізіп, қатысушыларға кездесудің мақсаты мен маңызын атап өтті. Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *