• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Өскелең жас ұрпақтың парадигмасы мен мемлекеттік жастар саясаты

Автор:admin

Июн 5, 2022
Spread the love

Еліміздегі әртүрлі ұлт жастары арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы бүгінгі күні қоғамды қатты алаңдатып отырғаны сөзсіз. Бүгінгі күнгі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың жастық ерекшеліктеріне аса мән берілмейді. Бұл топтағы жастар отбасын құрып, мемлекетіміздің белсенді жасаушысы болмақ түгілі, өздерінің және өзгелердің өмірлеріне жауапсыз қарайтындығы анық. Зайырлы мемлекетіміз жастарды болашақтың бастамасы ретінде мойындай отырып, саяси сипатта олардың орнын ойып тұрып негіздеп отырғаны белгілі. Мұның дәлелі еліміздің Президентінің жастар саясатына ерекше мән беруі болып табылады. Дегенмен бүгінгі күні жастарды әлеуметтік қорғау бағдарламасының кейбір түйткілді мәселелеріне байланысты ойландырытын сұрақтар жоқ деп айта алмаймыз. Қазіргі таңда жаһандану жағдайында батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр. Осы орайда, батыстық өмір салттары қанымызға сіңген қазақы болмысымызға елеулі зиянынын тигізетін әдеттері мен қылықтар дендеп келеді. Айта кетер болсақ, жыныстық қатынас, кісі өлтіру, бейбастық, қарақшылық, еркін махаббат, жоспарланбаған жүктілік, тастанды бала және т.б насихаттайтын материалдар мен әйел- қыздардың жалаңаш денелерін көрсететін суреттер қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініс табуда. Осы орайда, елімізде қоғамдық өмір мен әлеуметтік қатынастарды демократияландыру ұраны бола тұра мұндай бейбастық іс-әрекеттер ұлттық тәлім- тәрбиеге, этностық қарым- қатынасқа түбірімен қарсы бағытталғанын естен әрдайым шығармау қажет. Болып жатқан осындай келеңсіз, кесірлі құбылыстарға қазақ жастары болашағының едәуір билігі елігіп, еліктеуі қанат жайып бара жатқаны бізді алағдатары сөзсіз. Осы уақытқа дейін бұрын- соңды исі қазақ қыздарында болып көрмеген, ата салтымызға жат қылықтар, яғни, жасыратыны жоқ «түңгі көбелектің» айтарлықтай әлеметтік орта өмірінде орын алуы, кез-келген жерлерде жастардың жыныстық қатынас жасауына арналған арнайы орындардың «сауда үйіне» лайықталуы бүгінгі күні нарық жағдайында ұлттық трагедияның негізіне айналып барады. Мұндай келеңсіз әрекеттердің белең алуы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиенің рухани- өнегелік және этностық құндылық негізіне, ғасырлар бойы қалыптасып келген эстетикалық әлеуеттің некелік-отбасылық қатынастарға батыстық мәдениеттің «жүгенсіз насихаты» бел ортасынан балта шабуда. Бұл қоғамның қасіреті ретінде алға шыға отырып, адами болмысымыздың табиғатына қиянат келтіріп отырғаны анық. Халқымыздың болашағы болып табылатын өскелең жас ұрпақтың әлеуметтену процесіндегі қарама-қайшылықтары айқын көрініп отырғаны байқалуда. Бұл жағдай біріншіден, қазақ халқаның ғасырлар бойы қалыптасқан рухани ұстанымдарына ашық түрде шабуыл жасап отыр. Қазақстанда жүріп жатқан ғылыми-техникалық прогресс аясында ұлттық мәдениетті жаңғырту арқылы қат-қабат мәселелерді шешуге бағытталған шаралар қолға алынып, осыған байланысты қазіргі таңда елеулі зерттеулер жүргізіліп жатыр. Жоғарыдағы айтылған мәселелерге орай, екінші себеп- бұл әлеуметтік институттардың, яғни, отбасының, білім беру мекемелерінің тұлғаның өмір сүру ортасының этностық педагогикасы мен психологиясының бай тәжірибесін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға әлі де болса назар толық аударылып отырған жоқ. Айтылып отырған мәселелерге қатысты үшінші себеп- бұл білім беру мекемелеріне және де ата-аналарға нақты әдістемелік нұсқау кеңестер берілмеуімен қатар, жастарды болашақтағы отбасылық өмірге этнопедагогика мен этопсихологияның бағдарламалары негізінде іс-шаралардың жүргізілмеуінде болып отыр.

R- ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика