ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы «Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыру жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың қызметтерді сатудан түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 1-бабы 3-тармақшасын, 2-тармағының бірінші бөлігін, 2-1-тармағын іске асыру шеңберінде дайындалды.
Ереже нормаларын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес келтіру мақсатында «медициналық көмек» ұғымы «медициналық қызметтер» болып өзгереді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 10 шілдесіне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15099617 сілтеме бойынша танысуға болады.