Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 17 қаңтарда жаңадан мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитеті арасында 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан 2022 жылғы 27 қаңтар күні №44 болып қайта тіркеуден өткен.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73-ті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 және бастауыш кәсіподақ ұйымына ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырған.
Яғни, мүшелік жарнаның 70%-і Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне беріледі, ал 30%-і қызмет көрсету мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалында қалады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып отырған.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстары мен жұмсалған қаржылар туралы аппараттың ұжымы алдында тұрақты есеп беріп отырады.
Есепті мерзім ішінде мекеменің 6 қызметшісіне әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 314,0 мың теңге бөлініп, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болған.
Оның бастамасы «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30,0 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған.
Сонымен бірге, 2022 жылы «7 мамыр — «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 75920 теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара өткізген.
Сондай-ақ, «Отбасы күні» мерекесіне орай ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген.
Кәсіподақ ұйымының 644,0 мың теңге қаржысына 2023 жылдың жаңа жылдық іс-шарасын ұйымдастырған.
Жыл басында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты аязды күндері қар тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ тарату акциясын 4 күн бойы өткізіп, күндігіне 120 қызметкерлерді ыстық тамақпен тамақтануға көмектескен. Акция аясында тұрғындарды өз ауласын қардан тазалауға шақырып, сенбілік жұмыстарын белсене атқарған.
Ұжымда қызметін адал және үлгілі атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері еленіп, бірқатар марапаттаулар тапсырылып, сый-құрмет көрсетілген.
2023 жылдың мамыр айында 383000 мың теңге қаржыға «ТИМБИЛДИНГ» шарасы ұйымдастырылған.
Ия, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналып отыр.