• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыру – мемлекеттің басты саясатының бірі!

Автор:admin

Ноя 4, 2022
Spread the love

Әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту, еңбек белсенділігін және отбасылардың қиын өмірлік жағдайдан шығу, күш-жігерін ынталандыратын саясатқа көшу мақсатында – Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК көрсетудің жаңа форматы енгізілген болатын, онда жәрдемақы тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектердің немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасыларына) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатыса алмайтын отбасыларға беріледі. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты аналар. Сондықтан мұндай отбасылар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға отбасын белсендірудің әлеуметтік келісімшартын жасау және отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына міндетті түрде қатысуы шартымен беріледі.

АӘК беру критерийі ретінде пайыздық мәндегі ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде кедейлік шегі белгіленеді.

2018 жылы кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-дан 50%-ға, 2019 жылғы сәуірде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50-ден 70%-ға дейін ұлғайтылды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап АӘК берудің қолданыстағы жүйесі түзетілді. Негізгі бағдар еңбекке ынталандыру, аз қамтылған азаматтардың кірістерін есепке алу мен мемлекеттік қолдау көлеміне қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болып отыр.

Енгізілген шараларды іске асыру кешенді түрде жүзеге асырылады және көпбалалы отбасыларды қолдауды, жаңартылған АӘК және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қамтиды.

2020 жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, төленетін мемлекеттік жәрдемақы әр балаға 4 АЕК сараланған мөлшерде тағайындалды.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 509,1 мың отбасына жалпы сомасы 138,4 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесі жаңғыртылды, атап айтқанда, еңбекке қабілетті АӘК алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді. Егер олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартса, отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Учаскелік комиссиялар институты да күшейтіліп, отбасының материалдық жағдайына сауалнама жүргізу мерзімі үш күннен жеті күнге дейін ұзартылды.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК-ке 113,6 мың отбасы немесе 585,3 мың адам тағайындалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға төмен.

Сондай-ақ 1 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп жасына дейінгі балаларды азық-түлік жинақтарымен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуді, мектеп оқушыларын оқу орнында тегін тамақтандыруды. Қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп формасы мен керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді қарастыратын кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттен әлеуметтік көмек алушылар саны 213,3 мың баланы құрады, оның ішінде 1-ден 6 жасқа дейінгі 150,2 мың бала, мектеп жасындағы 63,1 мың баланы құрады. Өткенге көз жүгіртсек, егемендік ал­ған алғашқы жылдар кедейшілік пен жұ­мыссыздық проблемасының шиелені­суі­мен ерекшеленді. 1998 жылы ауыл хал­қының жартысына жуығы және қала хал­қы­ның үштен бірінің табысы кедейлік ше­гінен төмен болды. Зейнетақылар мен жәрдем­ақы­лар бойынша мемлекеттің бере­шегі 36 млрд. теңгеге жетті. Алайда тәуел­сіздіктің сол алғашқы қиын жыл­дарында-ақ билік халықтың өмір сүру дең­гейінің төмендеуінің алдын алу және әлеуметтік қолдау шара­ларымен қатар, ұзақ мерзімді әлеуметтік даму басым­дықтарын қалыптастырды. Мәселелер қордаланып, халықтың мазасы қашқан тұста Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясы елімізді әлеуметтік бағдарлы мемлекет деп жариялады. Қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыру шаралары дер кезінде қабылданған “Қазақстан-2030” Стратегиясының ұзақ мерзімді басым­дық­тары­ның бірі болып белгіленді. Осы орайда республиканың экономикалық қа­лыптасуының күрделі кезеңдерінің өзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың “Бізге әлеуметтік саясаттың тұтас тұ­жы­рымдамасы қажет” дегенін атап көр­се­ту орынды. Сондықтан да ел басшы­лығы бұрынғы жүйенің бүгінгі жағдайға сәйкес келмейтінін ескеріп, нарықтық экономика талаптарына жауап беретін әлеу­меттік қорғаудың жаңа үлгісін жасауға бел буды. Міне, араға уақыттар салып, ар­тымызға қараған сәтте өткен жылдар нә­тижелерінің жаңа үлгінің өміршеңдігін дә­лелдегеніне және халықаралық сарапшы­лар тарапынан жоғары баға алғанына куә болып отырмыз. – Бүгінде мемлекет өз азаматтарына қандай әлеуметтік кепілдіктер бере алады? – Мемлекет өз азаматтарына маңызды әлеуметтік игіліктерге жалпы қолжетім­ді­лік пен сапаны қамтамасыз ететін ең не­гіз­гі деген әлеуметтік стандарттарға ке­пілдік береді. Біріншіден, бұл – адам денсаулығын сақтауға және оның өмір сүруін қам­та­ма­сыз ететін ең төменгі тұтыну себетінің құ­ны­на байланысты айқындалатын ең тө­менгі күнкөріс деңгейі. 2005 жылдан бері ол базалық әлеуметтік стандартпен бекі­ті­леді, оның негізінде ең төменгі жалақы мөлшері, базалық зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар белгіленеді. Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 1997 жылы 3 505 теңгені құраса, 2005 жылы – 6 014, 2009 жылы 13 717 теңге болды. Соң­ғы он жылда ол 4 есеге өсті. Екін­ші­ден, өтпелі ке­зеңнің қаржы-экономика­лық мүмкіндік­теріне сәйкес ең төмен жал­ақының мөлшері 1997 жылдан бастап 2003 жылға дейін ең тө­мен күнкөріс дең­гейі мөлшерінен аз кө­лемде белгіленіп келді. Тек 2004 жылдан бас­тап қана ол ең тө­мен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аса бас­тады, ал 2009 жылы оның мөлшері 13 717 теңгені құрады. Үшін­шіден, зей­нет­ақы төлемінің ең төменгі мөл­шері 1995 жылғы 300 теңгеден 2010 жылы 18 325 тең­геге дейін (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) көбейіп, 5 жылда 22,6 %-ға артты. Төртіншіден, алғашында мем­лекет­тік әлеуметтік жәрдемақылардың мөл­шері айлық есептік көрсеткішке қатысты есе­ле­ніп белгіленетін, 2005 жылдан бастап шынайы өмір жағдайына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ол ең төменгі күн­көріс деңгейіне қатысты белгіленетін болды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақы­лардың орташа мөлшері 1998 жылдан бері 2 970 теңгеден 14 535 теңгеге немесе 5 есеге өсті. – Осы мәселені өрбіте отырып, ха­лықты әлеуметтік қамсыздандыру жайына да тоқталып өтсеңіз. – Әлеуметтік қамсыздандырудағы конс­титуциялық кепілдіктерді іске асыру­да зейнетақы жүйесі ерекше орын алады. 1992 жылдан бастап, күрделі экономи­ка­лық жағдайларға қарамастан, Үкімет зей­нет­керлердің өмір сүру деңгейінің құл­ды­рауын төмендететін немесе оны мүлде тоқ­тататын шараларды жүйелі түрде қа­был­дап отырды. Алайда өтпелі кезеңнің ал­ғашқы кездерінде орын алған шашы­раңқы зейнетақы схемасы, зейнеткерлікке шығу жасының төмендігі, бейресми сек­тордың дамуы, салық төлеуден бас тарту­дың кең етек алуы және өтпелі кезең ба­сындағы экономи­калық құлдырау зейнет­ақы төлеу бойынша және зейнетақы аударымдарының жинақ­талуында бере­шек­тердің қордалануына әкеп соқты. Осы­ның барлығы қолданыстағы зейнет­ақы жүйесінің тұрақсыздығын туындатты. Осы жәйттерді ескере келіп, 1998 жылы зейнетақы жүйесінде реформа басталды. Осылайша Қазақстан ТМД кеңістігінде алғашқы болып жеке жинақ қағидат­та­рына негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтті. Дәл сол кезеңде экономикалық әлеу­ет­ті одан әрі орнықты дамыту қажеттілігі туды, жаһандану үдерісімен қатар, қо­ғам­дық дамудың барлық салаларында орын алған қарқынды өзгерістер әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыруда да тиісті түзе­тулерді талап етті. Осыған орай, Елбасы әлеуметтік реформаларды одан әрі терең­детудің 2005-2007 жылдарға арналған бағ­дар­ламасын әзірлеуді тапсырды. Оның нә­ти­жесі зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында тиімді етіп бөлуге негізделген толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесінің құрылуы болды. Қа­зіргі уақытта аталмыш зейнет­ақы жүйесімен 1,6 млн. астам адам қамтылып отыр. 2010 жылы зейнетақымен қамсыз­дан­дыру шығындары 432 млрд.теңге болды, бұл 1995 жылмен салыстырғанда 6,8 есе артық. Сонымен қатар, реформа бастал­ған­нан бері жинақтаушы зейнетақы қор­ла­рынан 1 432,7 мың адамға 142,6 млрд. теңге мөлшерінде зейнетақы төлемдері берілді. Бұл құбылыс зейнетақы төлем­дерінің мөл­ше­рін арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, соң­ғы 15 жыл ішінде еліміз­де зейнетақы төлем­дерінің орташа мөлшері 14,7 есе өсіп, 27 мың теңгені құ­раса, ең жо­ғары мөлшері шамамен 40 мың теңге болды. 2012 жылға қарай Мемлекет басшы­сының 2008 жылғы Жолдау­ында берген тапсырмаларына сәйкес зейнет­ақы төлем­дерінің мөлшері 2007 жылмен салыстыр­ғанда 2,5 есе арттырылатын болады. – Азаматтардың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қамсыздандыру бағы­тында қандай шараларды атап көрсетер едіңіз? – Бүгінгі таңда мемлекетіміз 420 мың­нан астам мүгедек пен 200 мыңнан астам асыраушысынан айрылған азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуде. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған зей­нет­ақы заңнамасына сәйкес, ауру сал­дары­нан туындаған мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылуына бай­ла­ныс­ты зейнетақылар әлеуметтік қатер туындаған сәтке дейін еңбек өтілі болған жағдайда жалақысын ескере отырып та­ғайындалып келген болатын. Бұл ретте мүм­кіндіктері тең дәрежеде шектелген адам­дардың алатын зейнетақысының мөлшері әртүрлі болды. Сондықтан әлеу­меттік қамсыздандыруда тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін 1998 жылдан бастап базалық деңгейде мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақылар енгізілді. Әлеуметтік төлемдермен қатар, мүм­кін­діктері шектеулі адамдардың ерекше мұқ­таж­дықтарына да баса назар аударыл­ды. “Қазақстан Республикасында мүге­дек­терді әлеуметтік қорғау туралы”, “Арнау­лы әлеу­мет­тік қызметтер туралы” жаңа заң­дар қа­былданды, қиын-қыстау жағ­дайға тап бол­ған мүгедектерді медици­на­лық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жө­нінде кешенді шаралар әзірленді. Ақысыз кепілді медици­н­алық көмек көрсету, әлеуметтік қызмет­тердің сапасын арттыру, білімнің, ақпа­раттың қолжетімділігін, денсаулығын ескере отырып кәсіп таңдау еркіндігін, кәсіби даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ету, еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу олардың қоғам өміріне толыққанды араласуын қамта­масыз етеді. – Ана мен баланы әлеуметтік қолдау тұрғысында қандай табыстарға қол жет­кізілді? – Республика Президенті Н.Назарбаев “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркен­деуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының ар­туы” атты Қазақстан халқына Жолдауын­да “Уа­қыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиім­ді демогра­фия­лық саясат үшін де қолайлы ны­санда аналар мен балаларға мемле­кеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз” деген болатын. 2006 жылдан бастап Мем­лекет басшысы­ның тапсырмасы бойынша балалы отба­сыларды қолдаудың тұтас жүйесі жасалды. Ол жүйе барлық отба­сы­лар үшін бала туған кезде біржолғы жәр­дем­ақы төлеуді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла­нысты жәр­демақы төлеуді, аз қамтамасыз етіл­ген отбасылардағы 18 жасқа толмаған ба­лалар үшін жәрдемақы төлеуді қа­растырады. Балалар жәрдемақысының мөлшері отбасыдағы балалар санына қарай сара­ланады. Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 30 АЕК-ті құраса, төртінші және одан кейінгі ба­лаларға 2010 жылдан бастап 50 АЕК тө­ленеді. Ал бала күтімі жөніндегі ай сайынғы төлемдер кезең-кезеңімен көбейтілуде және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес олардың мөлшері 2010-2011 жылдары 2007 жылмен салыс­тыр­ғанда орта есеппен 2,5 есеге арт­ты­рылатын болады. Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі – мү­гедек бала тәрбиелеп отырған ата-ана­ларға, қамқоршыларға 2010 жылдан бас­тап ең төмен жалақы мөлшерінде жәр­демақы енгізілді және мұндай мемлекеттік көмек түрі Қазақстан азаматтарына бұрын берілмеген болатын. Мемлекет 2010 жылдан бастап “Алтын алқа” және “Күміс алқа” белгілерімен көп балалы аналарды марапаттау шарттарын өз­гертті. “Алтын алқа” белгісімен жеті және одан көп (бұрын – он және одан көп) балалы аналар, “Күміс алқамен” алты баланың (бұрын – сегіз) анасы ма­ра­пат­талатын болды. Сонымен қатар, оларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдем­ақы­ның мөлшері 3,9 айлық есептік көрсет­кіш­тен 6 айлық есептік көрсеткішке көбейтілді. – Сөз ретінде арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсету жайы туралы да айтып өтсеңіз. – Қазақстандағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің күрделі уақытына тап келді. Қыс­қа мерзімде әлеуметтік қолдаудың бұрынғы тетіктері нарықтық экономикаға сай және халықтың әлеуметтік кедей және осал топтарының қажеттілігін қанағат­тандыратын бейімді жүйеге айналды. 90-жылдардың алқашқы жартысында-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құ­қықтық негізі қаланды, алайда әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттің рөлі басым болып қалды. 2009 жылы ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстанда “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” заң қабыл­данып, оған қоса тегін көрсетілетін мем­лекет кепілдендірген арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізімі мен көлемі, өмірлік қиын жағдайларда жүрген адамдарға әлеу­меттік қызмет көрсетудің стандарттары әзірленді. Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көр­сетуге жеке сектор және ҮЕҰ субъек­тілерін тарту есебінен стандарттар ен­гі­зіліп, бәсекеге қабілетті орта дамытылуда. Әлеуметтік қызметтерді егде адамдар мен мү­гедектердің тұратын жерлеріне жақын­дату мақсатында елімізде аумақтық көмек көрсету, оның ішінде үйде көмек көрсету орталықтарының желісі кеңейтілуде. – Сөз соңында еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде де айтып өтсеңіз. – Өтпелі кезең еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы ахуалдың шиеленісуімен жалғасқан болатын. Жүздеген кәсіпорындар жұмысы тоқтады немесе қысқарған режімде жұмыс істеді. Жалақы бойынша берешек көбейді, еңбек жағдайы нашарлады. Осының бәрі аза­маттардың еңбек қатынастары саласын­да­ғы конституциялық құқықтарының заңды түрде қорғалмауына алып келді. Жалпы ахуал қолданыстағы заңнаманы шұғыл түрде қайта қарауды қажет етті. Сол себепті де “Қазақстан Республика­сын­дағы еңбек туралы”, “Ұжымдық шарт­тар туралы”, “Кәсіптік одақтар туралы”, “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы”, “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы” және басқа да бірқатар заңдар әзірленіп, қабылданды. Бұл заңдардың өмірге келуі еңбек қаты­настарын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Еңбек заңнамасының реформасы 2007 жылы Еңбек кодексінің қабылдануымен аяқталды. Еңбек кодексі, оның құрылымы мен мазмұны қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін теңдей ұстауға және мемлекетімізде еңбек рыногының негізгі субъектілері—жұмыс берушілер, жалдамалы қызметкерлер мен мемлекеттің арасында еңбек қатынастарын құру және реттеудің өркениетті тәртібін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одақтың ыдырауы, шаруашылық және экономикалық байланыстардың үзілуі қазақстандық еңбек рыногының жағдайы­на кері әсерін тигізді. 90-жылдардағы ахуал халықты жұмыспен қамтудың тө­мен­деуімен, жұмыссыздықтың өсуімен, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсы­ныстың теңсіздігімен сипатталады. Жұ­мыспен қамтылған халықтың саны 1991 жылғы 7,7 миллионнан 2000 жылы 6,2 миллионға дейін төмендеді. 1999 жылдың аяғында жалпы жұмыссыздық деңгейі 13,5 %-ды құрады. Еңбек рыногын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін өт­пелі кезеңнің алғашқы он жылдығында на­рықтық экономикаға сәйкесті норма­тивтік құқықтық база әзірленген болатын. Кедейлікке және жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, іске асырылды. Бұл шара­лардың барлығы жұмыспен қамтылғандар санын 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылдың соңында 1 млн. адамға кө­бейтуге мүмкін­дік берді. Аталған кезеңде жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 8,1 %-ға төмендеді. Жұмыспен қамту саясатына әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс елеулі түзетулер енгізді. 2009 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың өңірлік стратегиясы ( “Жол картасы”) әзірленген болатын. “Жол картасы” шеңберінде Үкімет қабылдаған шаралар жалпы еңбек рыногындағы ахуалға және елдегі жұмыссыздар санын тұрақтандыруға оң әсер етуде. 2010 жылғы маусым айының аяғында жұмыссыздар саны 498 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызға төмендеді. Жұмыспен қамту саясатын одан әрі қалыптастыру үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде де белсенді жүргізіле беретін болады. Әлеуметтік қамсыздандыру-әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс жағдайын  қолдауға негізделген.

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: “Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағадайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемінде, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері

Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылады

Ақша төлемдері (зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы, материалдық көмек және т.б.);

Заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);

Қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.);

Мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жақсартумен (стационарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда);

Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің біржолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері);

Ақша құралдарының қайнар көзіне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың екі түрін ажыратуға болады

Мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатвн мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру;

Зейнетақы қорларының салымшыларының – заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеуметтік қамсыздандыру;

Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабылеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсету.

Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсету.

Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуы.

Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасау.

Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика