«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Абай ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барасында Абай ауданы әкімі аппараты, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Білім басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасы мамандары және Партия қызметкерлерінен құралған арнайы жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы салада тер төгіп жүрген мамандық иелері жаздың аптап ыстығына, күннің үскірік суығына, ауа-райының тосын мінезіне тосылмастан еңбек етіп, қалың жұртшылықты жаңа баспана немесе мәдениет үйі, мектеп, аурухана секілді нысандармен қуантып жүр. Қандай да ғимаратта құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы қалуда. Құрылысшыларға бағыт-бағдар беріп, олардың жұмыс жоспарын жасап назарға алатын арнайы бөлім қызмет ететінін бәрі біледі. Біздің ауданның да жыл санап өркендеп, көрікті мекенге айналуына құрылыс бөлімінің қосып жатқан өзіндік үлесі зор. Қарқынды жүріп жатқан құрылысқа, кенттің көркін кіргізер архитектуралық жұмыстарға аз-кем тоқталып өткенді жөн санадық. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған, алдағы уақытта атқарар жұмысы ауқымды. Кез келген жаңа жоба, жаңа нысанның көзге көрінбес жұмысының барлығын осы бөлімнің мамандары атқарады. Аудандық құрылыс бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, өңірде бірнеше нысанның құрылысы қарқынды жүруде.
Аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан аталмыш нысандарға зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Құрылыстың қарқынды жүргізілуі тиісті мекемелер тарапынан ұдайы бақылауда. Себебі, талап – қатал, жұмыс – тұрақты болғанда ғана сапалы нәтиже берері сөзсіз. Ал аталған жұмыстар аудандағы құрылыс бөлімі атқарған жұмысының бір бөлігі ғана. Мониторинг жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.