Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиева «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезекті қабылдауда баласының біліміне алаңдаған ата-ана, жұмыс іздеген мұғалім, мектеп басшылығына шағым айта келген бұқара болды. Бірі мектепке жұмысқа орналасуға өтініш айтып, бірі бүгінгі таңдағы білім беру саласына алаңдап, цифрландыру саласы бойынша кешендік жүйеге қатысты ұсыныс жасады. Сондай ақ, білім беру саласындағы өзге де түйіткілді бірқатар мәселелер қаралды.
Қалалық білім беру басқармасыныі басшысы қабылдауына келген тұрғындардың басым бөлігі жұмыссыздық мәселесімен келген. Білім басқармасының басшысы жұмыссыздық мәселесі бүгінгі таңда электронды жүйе арқылы яғни, HR -PROCESS порталы арқылы іске асатынын айтып түсіндірді. Сондай -ақ, қабылдау барысында жеке меншік мектеп ашу, түрлі үйірмелер ашу жолдары, музыка мектебін ашу және өз жобаларын ұсынып келген жандарға Жанат Арысбекқызы мәселенің шешу жолдарын ұсынды.Жалпы, қабылдау барысында басқарма басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Олардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған Бас ұстаз әрбір мәселенің заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер заң аясында қаралып, басқарма басшысы Жанат Арысбекқызы қабылдау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.