Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әкімшілік сотқа түскен сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмайтын істер, талап қою мерзімдері бойынша, сотқа қатысушы адвокаттың ролі және мемлекеттік тілді қолдау тақырыбында семинар өтті.
Жиынға Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы М.Шарипов жиынды ашық деп жариялап, кездесудің маңыздылығы мен қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Кездесу барысында сөз алған баяндамашы судья М.Ташев жария-құқықтық дауларда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтарын іске асыру тетігі, құқық қолдану практикасының ерекшеліктері және ӘРПК шеңберінде істерді қарау бөлігіндегі проблемалық мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің кейбір нормаларына егжей-тегжейлі тоқталып,
әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмайтын істері бойынша, талап қоюдың мерзімдері бойынша, әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері, әкімшілік актінің ерекшеліктері.
Семинарда азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтыны, оның ішінде жеке-құқықтық қатынастардан, еңбек және шарттық қатынастардан туындайтын даулар қаралмайтыны туралы қатысушыларға жан-жақты мәліметтер берілді.
Сондай-ақ кездесуде «Мемлекеттік тіл мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастар саласында, заң жобасында, сот ісін жүргізуде, іс қағаздарын жүргізуде қолданылатына тоқталып, мемлекеттік тілді білу ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақытылықты және еліміздегі азаматтардың бірлігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Жиын соңында әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде ұсыныстар айтылып, туындаған сұрақтарды өзара талқылады.