• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Әдетте, адам саудасының құрбаны болатын кімдер?

Автор:admin

Окт 6, 2022
Spread the love

– Көбінесе, туристік, модельдік, неке агенттіктері, жұмыспен қамту агенттіктері, бишілер мен ойын-сауық салаларында жұмыс істейтіндер немесе осы бағыттарда шетелде жұмыс істеуді армандайтын азаматтар адам саудасының құрбаны болады. Ал адам саудасымен айналысатындар әлгі қызметкерлерге атағы жер жарып тұрған компаниялардың шетелдік агенттіктермен және фирмалармен тығыз байланысты жұмыс ұсынады. Сөйтіп, көп жағдайда тәжірибесіз клиенттер мен шетелде қомақты еңбекақыға жұмыс істегісі келетін адамдардың сенімін әдейі теріс пайдаланады. Жоғары жалақы, жақсы жұмыс туралы айтып қызықтырады, сол арқылы алдап-арбайды. Жоқ жұмыс орындары туралы жалған ақпаратандырып, адамдардың сеніміне кіреді.

– Заманауи құлдықтың алдын алу үшін Бас прокуратура қандай бастама көтерді?

– Бұл бағытта алдын алу шаралары маңызды екенін ескеру керек. Нақты және мақсатты ақпаратты тарату арқылы қауымдастықтар сырттан келетін қауіпке қарсы тұруға дайын болады. Осы мәселелер 2021 жылғы 24 желтоқсанда Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінде талқыланды. Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша бүгінде  Ішкі және Сыртқы істер министрліктері қазақстандық азаматтардың, ең алдымен адам саудасы үшін ықтимал қауіпті елдердегі әйелдер мен балалардың әл-ауқатын тексеру алгоритмін әзірлеуге кірісті. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру және шетелде оқыту жөніндегі агенттіктер, модельдік және неке агенттіктері арасында кәсіптік жұмысты күшейту мәселелері қарастырылып жатыр.

Бүгінде пилоттық жоба аясында Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан өңірлерінде прокурорлар жұмыс топтарына жұмылдырылған. Осы топтардың жұмысында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы еңбек инспекторларының рөлін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

 Бұл тұрғыдан суррогатты ана мәселесін естен шығаруға болмайды. Жалпы, тек ересектер ғана емес, жаңа туған сәбилер де адам саудасының құрбаны болады. Бұл тұрғыдан не айтасыз?

– Дұрыс айтасыз. Көпшілік, адам саудасы дегенде, ересек адамдардың құлдыққа жегілуі, сексуалдық құлдық туралы бірінші ойлайды. Алайда заңсыз түрде біреуге туған баласын сататындар бар. Қазір суррогатты аналарға байланысты коммерциялық репродуктивті қанауға ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы прокуратура органдары балаларды саудалауға қатысты мәселелерді мұқият зерттеді. Заңсыз бала асырап алу жағдайлары анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтары да бар. Заңсыз асырап алуға «Неке және отбасы» кодексінің 192 және 192-1-баптарында көзделген баланың тууы туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу мүмкіндігі де (әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бірлескен өтініші бойынша) ықпал етеді.

2015 жылдан бастап республика соттарында осы санаттағы 784 азаматтық іс қаралып, олардың кейбіреулері бойынша ғана әкелігі расталған.

Нәтижесінде, прокуратура органдары тарапынан – 59, оның ішінде ел Үкіметіне қадағалау актісі енгізілді, 75 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, «кәмелетке толмағандар саудасына» қатысты 18 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика