• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Май 11, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті.
«Amanat» партиясының жанынан құрылған «Құқықтық көмек» жобасы қазақстандықтарға тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Партия өкілдері заң ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу үшін арнайы меморандумға қол қойды. Жоба аясында көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған адамдарға, сондай-ақ алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша жүгінуге болады. Азаматтарға білікті мамандар заң аясында көмек көрсетеді. Кездесулерде көтерілген мәселелерге талдау жасалып оның қорытындысы Мәжілістегі Amanat фракциясына жолданып отырады. Мақсат — қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру.
Заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокат, құқықтық сала мамандары келіп, тұрғындар мәселесінің шешімін табуға ат салысты. Тегін кеңес берді.
Тұрғындар сала мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінді. Яғни, мамандар талап-арыздарды дайындауға, жер дауын шешуге, және т.б. көмектесті.
Іс-шараның мақсаты-зияткерлік меншік құқығын қорғау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету.
Іс-шара барысында барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Жыл соңына дейін «Құқықтық көмек» жобасы аясында аталған ұйымдардың заң консультанттарымен бірлесіп 1000-нан астам қабылдау өткізу, оның ішінде жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін 350-ге жуық шалғайдағы ауылдық елді мекенді қамту жоспарланып отыр. Бұл – түсіндіру жұмысын жүргізу, дау-дамайларды реттеудің баламалы тәсілдері (медиация) бойынша кеңес беру, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беру, талап қою мәселелері бойынша көмек көрсету, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша кеңес беру, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға құқықтық көмек көрсету және тағы басқалар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика