• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК»: КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 6, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қала тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан құқықтық сауалдарына жауап алды.
«АМАNАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты Ардан АРАЛБАЙ және «АМАNАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан АЙТБАЕВ, «АМАNАТ» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Кайрат Есенбекович Имашев заңгер мамандармен бірлесіп келушілердің өтініштерін тыңдады.
Бүінгі қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі қаржылық сауаттылық, кепілсіз несие бойынша банкрот деп тану, жер телімдерін заңдастыру, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтар болды. Мәселен, Жақсыгүл Ибрашева есімді қала тұрғыны өз ауласынан дүкен тұрғызған соны заңдастыру үшін кеңес сұрай келіпті. Ал, Ляззат Ахметова алимент өндіру бойынша сотқа жазған арызы көптен қараусыз жатқанына шағымданды.
Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов және өзге де заңгерлер мен адвокаттар келушілерге тегін кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.
— «Құқықтық көмек» партиялық жобасының негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша заңгер, адвокат, медиатр мамандар халыққа тегін құқықтық көмек беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Еліміздің барлық өңірінде апта сайын тұрақты түрде аталмыш жоба аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беріледі, — деді өз сөзінде «АМАNАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты Ардан Сұлтанұлы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика