• Вт. Авг 5th, 2025
Популярные метки

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Автор:admin

Авг 5, 2025
Spread the love

Ағымдағы жылдың 30 маусымында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізіліп, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүруге тыйым салынды.

Бұл өз кезегінде қоғамдық орындарда никаб, түрлі бетперде, балаклава және басқа да бетті жасыратын аксессуарларды киюге тыйым салуды көздейді.
Медициналық мақсаттағы бетперделерге бұл шектеу қолданылмайды.

Аталған шешім азаматтардың құқықтарын шектеу емес, керісінше, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заң талаптарын сақтауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.

Шымкент қаласының Дін істері басқармасы

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика