• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚҰРМЕТТІ ЖЕЛІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Шымкент қаласының дін істері басқармасы, дін саласындағы уәкілетті орган ретінде, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес өңірдегі діни ахуалды зерделейді және талдау жүргізеді.
Барлық әлеуметтік желілерде күмәнді діни қоғамдастықтар мен топтарда тіркелген Интернет пайдаланушыларға қатысты мониторинг жүргізеді.
Осыған байланысты, сіздерден барлық әлеуметтік желідегі күмәнді діни контент парақшалардағы діни мазмұндағы топтардан шығуды және ресми емес діни ақпараттық қауымдастықтар мен топтардан діни сипаттағы ақпараттарды алмауды ұсынамыз.
Интернет кеңістіктерде радикалды діни материалдарды таратқан және сақтаған жағдайда тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады:
174-бап. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру
Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiнисезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, – он екі жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дін мәселелері бойынша дұрыс және қауіпсіз ақпаратты Қазақстан мұсылмандар дін басқармасы және Дін істері басқармасының ресми сайттарынан (azan.kz, muftiyat.kz, haqjoly.kz, muslim.kz, cipr17.kz және т.б.) алуға кеңес береміз.
Құрметпен, Шымкент қаласының дін істері басқармасы.
Жұмыс тел.: 56-30-04, 24-74-85

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика