Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мерекесіне орай AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы әрі қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов арнайы «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан «Құрметті депутат» атағын Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаевқа тапсырылды.
Депутат — халық үнін билікке жеткізуші тұлға. Оның істеген ісі мен атқарған еңбегін халық арасындағы абыройы мен құрметіне қарап білуге болады. Халық қалаулыларына жалақы берілмейді. Қоғамдық жұмыс деген де дұрыс шығар. Ал өз жұмысынан бөлек, көптің мәселесін шешуге де уақыт тауып, халыққа қалтқысыз қызмет ету үшін асқан жауапкершілік, риясыз көңіл керек. Мандаттың міндеті жеңіл емес. Бұған жеңіл-желпі, бей-жай қарауға әсте болмайды. Депутаттық сайлауға түспес бұрын, бәрін салмақтап, таразылап, нақты шешім қабылдап алған жөн. Себебі халық қалаулысы көппен жұмыс істейді. Мәселе ушығып, арты айқайға ұласқан жерлерге барады. Халыққа басу айтады. Базынасын тыңдайды. Сондықтан таудай төзім, болаттай сабыр қажет. Елді ерте алатын көшбасшылық қабілет керек. Ал аталған қабілеті бар депутаттарды көп көгіне көтереді. Төрден орын ұсынады. Алғысын айтып, ақ батасын береді. Ондай әріптестерім көп. Өздеріңіз де білесіздер. Атқарылған іс аз емес. Атап айтсам, өңірдегі өзекті мәселе – инфрақұрылым. Яғни тозығы жеткен жолдар мен ескірген су құбырлары түйткілді түйінге айналып отыр. Кейде өзекті де кезек күттірмейтін мәселе туындайды. Оның салдарын сан мыңдаған халық сезінуі мүмкін. Сондықтан қолдан келсе, мүмкіндік болса, істі қолға алып, көптің мәселесін шешуге тырысқан жөн.
Талғат Дүйсебайұлын тағы да құттықтай отырып, шығармашылық қызметіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!Еңбегіңіз жемісті болып халық игілігі жолындағы қызметіңіз абырой әкелсін!