• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚҰНДЫЛЫҚ – ТҰҒЫРЛЫ ТАТУЛЫҚ

Автор:admin

Апр 27, 2023
Spread the love

Бүгін «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Президент маңызды мәселелерге айрықша тоқталды.
«Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл – Ата заңымыз қабылданғаннан кейінгі алғашқы референдум. Біз осы бастама көтерілген кезде ел тағдырын айқындайтын маңызды жолдың бастауында тұрдық. Мақсатымызды айқындап, нақты жоспар құрдық. Дәл осындай тарихи сәтте халықтың бірауыздан қолдау білдіруі өте маңызды болды. Осыған орай түрлі ұсыныс айтылды. «Өзгерісті Парламент арқылы жасау қажет» деген пікірлер де болды. Бірақ біз әрбір азаматтың пікірін білген жөн деп шештік. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағидатты ұстандық. Осылайша, «Келісіп пішкен тон келте болмайтынына» бүкіл ел болып көз жеткіздік.» — деді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президентіміз «Ассамблея – еліміздің саяси жүйесінің аса маңызды бөлігі. Бұл құрылым ел бірлігін нығайтуға орасан зор үлес қосып келеді. Ассамблеяның қызметіне көптеген азаматымыз атсалысып жүр. Былтыр Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Онда жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Басты міндеттің бірі – жұртты азаматтық бірегейлікті дамыту ісіне жұмылдыру. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы диалог орнату да өте маңызды» деген болатын.
«Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет», деген ҚХА Төрағасы К.К.Тоқаев барша ел азаматтарын елдің береке-бірлігін бағалай білуге үндеді.
Ынтымақ-бірлігіміз тағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұл баршамыздың табанды еңбегіміздің арқасы екендігін баса айтты. Қолда бар құндылығымыз – берекелі бірлік пен тұғырлы татулықтың қадірін түсініп, қоғам игілігі үшін тындырымды тірлік атқаруға шақырды.
Мадияр Юнусов, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика