• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қылмыстық істерді тергеу барысы тыңдалды.

Автор:admin

Июн 27, 2023
Spread the love

Түркістан қаласының прокуроры Жаннұр Ахметбек қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен анықтаушыларының
өндірісіндегі қылмыстық істерді тергеу барысы туралы есептерін тыңдады.
Жалпы а.ж. 5 айында қала аумағында қылмыстылық 24% төмендеген (520-дан 395-ке). Осы кезеңде басқарманың өндірісінде 447 іс болса, 209 іс аяқталған, оның ішінде 170 сотқа жолданған, 39 ақталмайтын негіздермен тоқтатылған. Прокурорлар 79 іс бойынша жазбаша нұсқау берген, 40 заңсыз процестік шешімнің күші жойылған, прокурорлық қадағалау актілерімен 14 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Жиналыста тергеушілер мен анықтаушыларға жекелеген қылмыстық істер бойынша бағыт-бағдар беріліп, нақты тергеу әрекеттерін жүргізу тапсырылды. Қала прокуроры бірқатар созбалаңдыққа салынған істерді атап өтіп, түпкілікті шешім қабылдауды талап етті.
Сондай-ақ статистикалық деректердің шынайылығын қамтамасыз етіп, бұрмалауға жол бермеу жөнінде атап өтілді.
Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығы, тергеу мерзімін сақтау, бұлтартпау шараларын қолдану, іске қатысушылардың шағымдары мен өтінішхаттарын қарау мәселелері талқыланып, тергеу және анықтау бөлімдерінің басшыларынан бақылауды күшейту ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика